Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫСЫ Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫСЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

     Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Аққайың аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 11 қыркүйекке Аққайың ауданында сайлау тағайындалсын:

- Қиялы ауылдық округінің әкімі;

  1. 2022 жылғы 11 қыркүйекке тағайындалған Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Аққайың аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Аққайың», «Колос» газеттерінде жариялансын.

 

 

         Аудандық сайлау комиссиясының

                     төрағасы                                                   Қ. Құрманбаев

 

 

 

 

Смирново ауылы 

2022 жылғы 12 тамыз, № 28/01

                  

 

 

 

 

Дата публикации
12 августа 2022