2023 - 2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту туралы

         Смирново ауылы                                                                                                        село Смирново

 

 

2023 - 2025 жылдарға арналған

Аққайың ауданының бюджетін

бекіту  туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабы 2-тармағына,                        75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                                    1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес,  Солтүстік Қазақстан облысы  Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2023 жылға  мынадай көлемдерде бекітілсін:
  • кірістер –3314996 мың теңге:

салықтық  түсімдер – 1083208 мың теңге;

       салықтық емес  түсімдер  - 24639 мың теңге;

       негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 25390  мың теңге;

       трансферттер  түсімі – 2181759 мың теңге;

       2) шығындар – 3314996  мың теңге;

       3) таза бюджеттік кредиттеу – 26714  мың теңге:

       бюджеттік кредиттер – 56925 мың теңге;

       бюджеттік кредиттерді  өтеу –  30211 мың теңге;

       4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

       қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

       мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

       5) бюджет тапшылығы (профициті)  -   - 26714 мың теңге;

       5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)- 0 мың теңге;

       6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 26714  мың теңге:

       қарыздар түсімі – 56925 мың теңге;

       қарыздарды өтеу – 30211   мың теңге;

       бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

 

 

 

  1. 2023 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

      1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

        қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;
  • бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;

       4) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;

      5) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

      6) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;

      7) мыналардан:

      тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;

       өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;

     8) тіркелген салық;

     9) мыналарға:

     Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;

     Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;

     Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;

      Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);

     бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

     10) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

    11) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);

  12) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

    13) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

    14) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

    15) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

    16) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы                         үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

    17) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж.

  1. Аудан бюджетінің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

       1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:

       аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;

      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

      аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

      2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;

      3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

      4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

      5) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;

      6)  шетелдіктер үшін туристік жарналар;

      7) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Аудан бюджетінің кірісі мынадай негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

        1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

      3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.     

  1. Облыстық бюджеттен аудан бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция 1425691 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетін түсімдер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің есебіне жатқызылады.
  3. 4-қосымшаға сәйкес бюджеттің төртінші деңгейіне 531688 мың теңге сомасында бюджеттік субвенция белгіленсін.
  4. Аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бюджеттің төртінші деңгейіне ескерілсін.

      Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың  ауданының  бюджетін бекіту туралы» Аққайың  ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2023 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық және облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

        Көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың  ауданының  бюджетін бекіту туралы» Аққайың  ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2023 жылға арналған Аққайың ауданының  жергілікті атқарушы органның   резерві 22665 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қарастырылсын.
  3. Осы шешім 2023 жылдың  1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы

 

Е. Жакенов

 

 

2023 - 2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту туралы
Дата публикации
30 декабря 2022