Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «11» тамыздағы
№227 қаулысымен
бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
2016 ж.
мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Аккайынского района Северо-Казахстанской области»
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, ол қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне бағытталады.
аудан әкімінің, аудан әкімдігінің және аудан әкімі аппаратының құжаттама қызметін қамтамасыз ету;
құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру;
іс жүргізудің бірыңғай тәртібін, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау және ведомстволық мұрағатқа тапсыруға дайындауды қамтамасыз ету;
электрондық құжат айналымы жүйесін енгізуге қолдау көрсетіп, құжат айналымының көлемін қысқарту;
басшылық ететін мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарын даярлау;
бюджеттік саясат, бюджетаралық қарым-қатынас, экономикалық, қаржы және салық саясаты мәселесі бойынша ұсыныстарын даярлау;
комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Үкіметтің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, басшылық ететін облыс әкімінің және әкімдігінің актілерін орындауды бақылау, оларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аудан әкімдігінің және әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аппараттың қызметінде заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету;
аудан әкімдігінің, әкімнің және аппараттың мүліктік, басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсіндіру;
қылмыс, жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, құқықтық тәртіп пен заңнаманы қолдау;
аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілер және басқа да заңды сипаттағы құжаттар жобасын әзірлеуге қатысу;
нормашығармашылықты жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аудан әкімінің және әкімдіктің қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;
қызметтік жайлар, отырыс залдарын нормативтік талаптарға сәйкес техникалық жабдықтау;
мекеме қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы толық және расталған ақпаратты қалыптастыру;
мекеменің шаруа операцияларын дұрыс жүзеге асыру мақсатында Аппарат басшысын ақпаратпен қамтамасыз ету;
мүлік пен міндеттемелердің бар болуын және жылжуын есепке алуды, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарына, бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес материалдық және қаржы көздерін қолдануды, субъект шаруа қызметінің қолайсыз нәтижелерін болдартпауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
мемлекеттік бағдарламалардың іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ақпараттануы бойынша жұмыстарын үйлестіру;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және іске қосу үрдістерін үйлестіру;
аудан әкімдігінің, әкімнің және Аппараттың қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
жергілікті органдардың өкілетті және басқа да мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылын үйлестіру;
мемлекеттік қызметке арналған кадрлық потенциалды қалыптастыру;
Қазақстан Республикасы Президенті және Үкімет актілерін, әкімдіктің қаулыларын, жұмыс және басқа да кеңестерде ұсынылған хаттамаларға сәйкес жұмыс сапарлары барысында берілген аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындауды тексеру және бақылаудың тиімді жүйелерін құрып, ұйымдастыру;
атқарушылық тәртіпті нығайту, құжаттың орындалуын бақылау және тексеруді ұйымдастыру ісінде аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру;
аудан әкімінің тапсырмаларын орындау үшін бақылауды ұйымдастыру бойынша нысандарды, ұсыныстарды, әдістемелік құралдарды әзірлеу;
аудан әкімі мен әкімдіктің жұмысын ақпараттық-талдауды қамтамасыз ету;
аудан әкімі мен әкімдіктің жұмысын ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
ресми делегациялардың сапарлары мен қабылдауын, мерейтойлық іс-шаралар мен кездесулерді даярлау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алулардың рәсімдерін ұйымдастыру және өткізілуін орындау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін өткізу;
жұмылдыру даярлағы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс пен терроризмге қарсы мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру;
аудан әкімдігінің, әкімнің және аппараттың қызметін материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз ету;
Аппарат теңгеріміндегі ғимараттардың, қондырғылар мен тұрғын үйлердің ұстауын, күрделі және ағымдағы жөндеуді қамтамасыз ету;
аудан әкімдігінің ғимаратына рұқсат тәртібін, мүліктің сақталуын, аумақты абаттандыру және көгалдандыруға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің Жарлықтарын, Үкімет пен әкімдіктің Қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілері жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, нормошығармашылықты жетілдіру, аудан әкімі, әкімнің орынбасарлары және аудан әкімі аппараты басшысының басқару қызметін заңды қамтамасыз ету;
аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілері жобасын әзірлеу;
аудан әкімінің аудандық мәслихатпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
аудан әкімдігінің және әкімнің актілерінің орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент Жарлықтары мен Үкімет Қаулыларын дамытуға қабылданған талаптарға сәйкес кадрлық жұмысты жүргізу. Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді бос лауазымды орындарға тағайындау және орнын ауыстыруға ұсыну келісімдері жөнінде ұсыныстарды дайындау;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен, Құрмет грамоталарымен, облыс және аудан әкімінің алғыстарымен марапаттауға ұсыну үшін сәйкес құжаттарды дайындау, марапаттау құжаттарын рәсімдеу, марапатталғандар туралы мәліметтер қорын қалыптастыру;
қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқықтық тәртіп пен заңнаманы сақтау мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
аудан әкімінің қызметін қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жалпыға ортақ әскери міндетті атқару шеңберінде, аудан ауқымында төтенше жағдайларды болдыртпау және жоюды, аудан ауқымында дала өрттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік өртке қарсы қызметінің органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша іс-шараларды атқару;
еңбек және демалыс үшін қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасау;
нормативтік талаптарға сәйкес қызметтік кабинеттер, мәжіліс залдарын техникалық жабдықтау;
мемлекеттік және қызметтік құпияларды, құпия іс жүргізуді сақтау үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
үкіметтік және шетел ресми делегацияларына, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына, олардың қатысуымен іс шараларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі;
қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін есепке алуды жүргізу және қарастыру, оларды қабылдауды ұйымдастыру, олардың өтініштері бойынша талдау жүргізу;
аудан әкімдігі және әкіммен шығарылған актілерді есепке алу және тіркеу;
жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс пен терроризмге қарсы салада іс-шараларды өткізу;
электрондық қызмет және электрондық үкіметті дамыту;
аудан әкімдігінің мәжілісі, ауданның ауылдық округтер халқымен есепті кездесулер, селекторлық, жұмыс кеңестері және жұмыс сапары барысында берілген аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
«АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне азаматтық хал актілері туралы енгізілген мәліметтердің сапалылығын қамтамасыз ету;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік стандарттармен бекітілген мерзімдерде тіркеу;
ТАӘ ауыстыру бойынша материалға құжаттардың жиналуын қамтамасыз ету;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша қайталай куәлік, анықтама беру, азаматтық хал актілерінің жазбалары жоқтығы туралы анықтама беру;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге қатысты басқа да құзыретті жүзеге асыру;
мемлекеттік қызметшілердің бос әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстар ұйымдастыру;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты өзге де құзыреттерді жүзеге асыру.
аудан әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер жөнінде мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;
ауданның атқарушы органдары, ауылдық округ әкімдерінен олардың қызметі бойынша, жекелеген лауазымды тұлғалардың қызметі бойынша қажетті құжаттар, ақпарат, түсіндірмелер сұрауға және алуға, Аппарат құзыретіне кіретін тапсырмалар беруге, аудан әкімі және әкімдігінің құзырына кіретін мәселелерді шешуде ауданның атқарушы органдарының қызметкерлерін тарту;
аудан әкімдігі және мәслихаттың отырыстарына, аудандық, аумақтық және басқа да атқару органдарының алқа отырыстарына қатысу;
Аппаратқа жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау.
аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, аппаратқа жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауапты;
еркектер және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері жөніндегі заңнаманы сақтауды қамтамасыз етеді;
Аппарат қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға дербес жауапты;
Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, олардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
аудан әкімдігіне Аппарат туралы Ережені, құрылымы мен штаттық санының лимитін бекітуге ұсынады, қосымша ақыларды, еңбекті төлеу қорының үнемделуі шегінде мемлекеттік қызметкерлерді материалдық көтермелеуді (сыйақыларды) белгілейді;
Аппарат құзыретінің шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
аудан әкімі аппаратында ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
аудан әкіміне штаттық кестені бекітуге ұсынады;
аудан әкімдігі мен әкімнің қарастыруына нормативтік құқықтық актілер жобаларын және басқа да құжаттарды келіседі және ұсынады;
аудан әкімінің сәйкесті орынбасарларымен келіскеннен кейін Аппарат құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Аппараттың ішкі бақылау қызметінің бақылау іс-шаралары жоспарын бекітеді;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес Аппараттың қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Аппарат шығындарының сметасын бекітеді, бюджетпен қарастырылған қаржы құралдарын басқарады;
Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға біліктілік талаптары жинағын бекітеді;
аудан әкіміне Аппараттың келешектегі жоспары және ағымды жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
жеке құрам бойынша бұйрықтарды шығарады, Аппарат қызметкерлерін іссапарларға бағыттайды;
мемлекеттік қызметкерлердің оқуын, даярлауын, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
Аппаратты мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда ұсынады;
аудан әкімімен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Аппарат басшысының өкілеттіктерін орындау ол болмаған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның орнын басатын тұлғамен жүзеге асырылады.
Аппараттың мүлкі оған құрылтайшы тапсырған, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.