Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер ұсыну мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдарының қызметi жөнiндегi 2021 жыл үшiн есеп
Жалпы ережелер
Қызмет көрсетушілер Солтүстік қазақстан облысы Аққайың ауданының жергілікті атқарушы органдары болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдармен барлығы 63 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2021 жыл ішінде 5370 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 742 — Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы.
Қағаз нысанда 16 Мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілген 170 Мемлекеттік қызмет, "Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы көрсетілген 742 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
63 Мемлекеттік қызмет бойынша ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттері бар.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
* Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу " - 119 Мемлекеттік қызмет көрсетілді;
* Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-66 Мемлекеттік қызмет көрсетілді;
Қызмет алушылармен жұмыс
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қол жетімділік және ақпарат беру мақсатында ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен бөлімдерінде көрнекі ақпарат орналастырылған (стандарттар, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлердің т.а. ә.), сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат олардың ресми сайттарында орналастырылған.
Аққайың ауданы әкімінің аппараты ресми интернет-ресурсында жұмыс істейтін "Мемлекеттік қызметшілер" бөлімінде орналастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі, стандарттары, регламенттері.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Барлық мемлекеттік органдар қажетті компьютерлік ұйымдастыру техникасымен, күту үшін отыратын орындармен қамтамасыз етілген, қызмет көрсету рәсімі бойынша көрнекі ақпараты бар стендтер ресімделген, мүмкіндіктері шектеулі қызметтерді тұтынушылар үшін барлық жағдайлар жасалған, пандустар жабдықталған.
2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2021 жылы бекітілген жоспарға сәйкес, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунттарда міндетті түрде 164 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 8 мақала жарияланды. Осы іс-шараларды өткізу кезінде халықты қамту 11146 адамды құрады.
Аққайың ауданының тұрғындары арасында Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі департаментінің бастамасымен 2021 жылғы 27 қыркүйекте ZOOM платформасында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында 56 сұрақ келіп түсті, оларға түсініктеме берілді.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 5, 19 қазан, 2 қараша күндері Facebook тікелей эфирінде Аққайың ауданы әкімі аппаратының парақшасында, сондай-ақ ZOOM платформасында 230 сұрақ қойылып, оларға түсініктемелер берілді.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету барыстарын жетiлдiру бойынша қызмет
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселесі тұрақты бақылауда. Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан барлығы 11 мемлекеттік қызметші өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлер үшін тұрақты негізде құқықтық жалпы оқытулар, аппараттық кеңестер өткізіледі.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасын бақылау
Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау шеңберінде ай сайын Солтүстік қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер бөліміне көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп ұсынылады.
.
Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес 2021 жылы жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша заңнаманы сақтау бойынша 9 бақылау іс-шарасы өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту курстарынан өтудің, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына оқытудың болмауы анықталған жалғыз бұзушылық болып табылады. 2021 жылдың соңына дейін бұзушылық жойылды.
2021 жылы АХАТ саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 1 бұзушылық анықталды. Маманға сөгіс жарияланды.
Алдағы уақыттағы тиiмдiлiктiң басымдықтары мен мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру
Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын одан әрi арттыру және сұрақтар және мемлекеттiк қызмет уақытылы көрсету бақылауда, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылданады. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында бөлiмдермен және селолық округтер әкiмдерiнiң аппараттарымен құқықтық оқыту, семинарлар, лекциялар тәжiрибелiк және әдiстемелiк көмек көрсету арқылы келесi жылы жоспарланған.
Аудан әкiмi
аппаратының басшысы М.Дүйсембаева