Ескертілген – яғни, қорғалған
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 338-бап).
Мемлекеттік кіріс органдарымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) ҚР Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша базалық салық мөлшерлемелері жиырма есеге ұлғайтылады.
Егер, Сіз жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар тізіміне (ягни, қара тізімге) енгізілген болсаңыз, онда ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 8-тармағына және 96-1-бабының 4-тармағына сәйкес, Сіз шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша өтетін конкурсқа қатыса алмайсыз және ауыл шаруашылық өндірісіне және жер учаскелерін үш жыл бойы беруге жол берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Пайдаланылмайтын жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту мақсатында, жер учаскесін мақсаты бойынша уақтылы пайдалану немесе өз еркімен бас тарту қажет (ҚР Жер кодексінің 92-бабы және 81-82-баптары).
«ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ Петропавл қ. Интернационал к-сі, 70 тел.: 46-42-24