Ескертілген – яғни, қорғалған   Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу

Ескертілген – яғни, қорғалған

 

Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу

 

 Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу - жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз иелену - жер заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың бірі (ҚР Жер кодексінің 12-бабының 27-тармағы).

 

Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi. (ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 10-тармағы).

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136 - бабына сәйкес (жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу), мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

«ҚР АШМ ЖРБК Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ Петропавл қ. Интернационал к-сі, 70 тел.: 46-42-24

Дата публикации
13 апреля 2022