САЙЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАУ
ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 27 ақпанда Аққайың ауданының Астраханка, Смирново, Черкасское ауылдық округтерінің әкімдерін округі бойынша сайлауы өтті.
Аққайың аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституция Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Астраханка, Смирново, Черкасское ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы қорытындыларды орнатты:
Астраханка сайлау округі
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 669 азамат енгізілді, оның ішінде 348 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 19, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 11.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жүсіпов Ж.К., –16; Қабатаев Р.Е. – 182; Нұрсаитов М.Ғ. – 14. Хамзин А.Ә. -106.
Астраханка ауылдық округінің әкімі болып Қабатаев Руслан Ержанұлы сайланды, 1983 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтушы, Бескөль ауылында тұрады, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ ұсынған.
Смирново сайлау округі
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4310 азамат енгізілді, оның ішінде 3487 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 151.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жүнісбаева А.А., – 1813; Ибраева Г.М. – 342, Исин А.Ж. – 1181.
Смирново ауылдық округінің әкімі болып Жүнісбаева Айгүл Айдарханқызы сайланды, 1978 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтушы Смирново ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Черкасское сайлау округі
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 691 азамат енгізілді, олардың 623 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 25.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кузнецова Е.П. - 103; Маринова Н.С. – 399, Сорокина А.Г. - 91.
Черкасское ауылдық округінің әкімі болып Маринова Надежда Сергеевна сайланды, 1988 жылы туған, кәсіпкер бас маман "Черкасское ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ, Черкасское ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Аққайың аудандықсайлау комиссиясы