Аққайың ауданы Асраханка, Смирново, Черкасское ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Аққайың ауданы Асраханка, Смирново, Черкасское  ауылдық округтері  әкіміне  кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

 2022 жылғы 11 ақпанда  сағат 18.00-де Аққайың ауданы Астраханка, Смирново, Черкасское ауылдық округтері  әкіміне кандидаттарды жылжыту кезеңі аяқталды. Барлығы 10 кандидат ұсынылды, солардың ішінде 3 (30%) «Nur Otan» Партиясымен, 1 (10%) «Қазақстан Халық партиясы» Партиясымен, 6 (60%) өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды  тіркеу  бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2022  жылғы 16 ақпанда    сағат 18:00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттардың тіркелуі туралы қорытынды ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

 

                                 Аққайың аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 февраля 2022