Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Аққайың аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау комиссиясының жаңа мүшесі аудандық мәслихат сайланғанға дейін учаскелік сайлау комиссиясынан шығып қалған мүшесінің орнына тағайындалсын:
№ 116 учаскелік сайлау комиссиясына:
Юрий Владимирович Суботтаны, 1988 туған жылы, орыс, дыбыс инженері, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» МКҚК.
2. Осы қаулы тиісті сайлау комиссиясына және Аққайың ауданының мәслихатына жіберілсін.
Аудандық сайлау комиссиясының
төрағасы Қ. Құрманбаев
Смирново а.
2022 жылғы 03 ақпан, № 4/01