Аққайың аудандық мәслихатының
жетінші шақырылымының депутатын тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабына, 111-1 бабының 6 тармағына сәйкес Аққайың аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Nur Otan» партиясынан Аққайың аудандық мәслихатының депутаты М.Қ.Ғаббасованың мерзімінен бұрын шығуына орай (Аққайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 07 шелдедегі сессиясының №4-6 шешімі) мандат саяси тізімге енгізілген келесі кандидат – Сәуле Майлыбайқызы Умароваға берілсін ("Nur Otan" Партиясы" ҚБ Аққайың аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 1 қаулысы).
- «Nur Otan» партиясының саяси тізімі бойынша Аққайың аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты ретінде Сәуле Майлыбайқызы Умарова тіркелетін болсын.
- Аққайың аудандық мәслихатының тіркелген депутатына куәлік және төс белгісі тапсырылсын.
4.Аққайың аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының депутатын тіркеу жөніндегі хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Аққайың аудандық сайлау комиссиясы