Тұрақты тұру орнын өзгерту үшін қандай құжаттарды рәсімдеу қажет?

Тұрақты тұру орнын өзгерту үшін қандай құжаттарды рәсімдеу қажет?

 

Өмірімізді түбегейлі өзгертер маңызды шешімдерді қабылдауға тура келетін кездер болады. Осындай шешімдердің бірі – басқа елге тұрақты тұруға көшу. Егер тұрақты тұру орнын өзгертем десеңіз арнайы құжаттарды рәсімдеу қажет. Мұны ХҚО-ға жүгіну арқылы жасауға болады. Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:

* өтініш-сауалнама

* жеке куәлік және паспорт, 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі

* егер Қазақстан аумағында заңды түрде асырауыңыз міндетті отбасы мүшелері қалатын болса, алимент төлеу туралы келісім

* көшу туралы шешім қабылдаған кезде он жасқа толмаған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық мекемесінің қорытындысы

* егер ата-ананың бірі 18 жасқа толмаған баламен тұрақты тұруға көшсе, екінші ата-ананың нотариалды келісімі

* мемлекеттік бажды төлеу туралы чек

Қызмет көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, құны – 1 АЕК

Қадамдарыңызды ой таразысына салып, дұрыс шешім қабылдаңыз!

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Дата публикации
02 сентября 2021