Аққайың аудандық сайлау комиссиясының Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттар ретінде тіркелгенін хабарлайды:
Аралағаш ауылдық округі
Ботагөз Нұрғазықызы Тілеубаева, 1989 жылы туған, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты" КММ, әкімнің көмекшісі, Смирново а., өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Раушан Ермекқызы Кенжебаева, 1969 жылы туған, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты" КММ, кадрлар жөніндегі бас маман, Смирново а., өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Лесной ауылдық округі
Рашит Темірболатұлы Анафьянов, 1975 жылы туған, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының балалар-жасөспірімдер клубы" КММ, директор, Смирново а., өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Полтавка ауылдық округі
Елена Адамовна Зуевич, 1982 жылы туған, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты" КММ,Аққайың ауданы әкімінің азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Смирново а., өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған
Кислая Елена Андреевна, 1988 жылы туған, СҚО Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" МКҚК көркемдік жетекшісі, Смирново а., өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған
.
Аудандық сайлау комиссиясы