Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтерге әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2021 жылғы 09 шілде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 10 сайлау округінде 32 кандидат ұсынылды, оның 11 (35) – саяси партиялардан, 21 (66%) - өзін-өзі ұсынды.
«NurOtan» саяси партиясы 10 сайлау округі бойынша 10 кандидатты ұсынды, ОСДП – 1 кандидат.
Орташа бәсекелестік 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, 2021 жылғы 14 шілде сағат 18.00-де аяқталады.
А.ж. 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық ауылдық округтерде екеуден кем емес адам ұсынылды.
А.ж. 10 шілдедегі жағдай бойынша 10 кандидат (32%) тіркелді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат БАҚ жарияланады.
Аудандық сайлау комиссиясы