Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Аққайың аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Лесной сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды: оның ішінде 1 – саяси партиядан, 2 – өзін-өзі ұсынды.
Ағымдағы жылғы 18 қазанға сағат 18.00 жағдайы бойынша 3 кандидат тіркелді, оның 1– саяси партиядан, 2 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
- Биғожин Азат Өміржанұлы, 1990 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, Смирново а., «Әділет» партиясы» ҚБ ұсынды.
- Жәміш Арман Ермағанбетұлы, 1987 жылы тұған, аудан әкімі кеңесшісінің м.а., «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ, Петропавл қ., өзін-өзі ұсыну.
- Құрманғалиева Марьяна Ханатқызы, 1988 жылы туған, бас инспектор, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ, Смирново а., өзін-өзі ұсыну.
Орташа бәсекелестік 3 адам құрады.
Қазіргі уақытта кандидаттардың барлық құжаттары арнайы тексеріске жіберілді.
Барлық тіркелген кандидаттар куәлік алды, сайлау бюллетеньге енгізілді.