2026 жылғы 28 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округінің әкімін сайлау өтті. Аққайың аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қиялы ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде:
Қиялы ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары бойынша Қиялы сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізімінде 1284 азамат бар, олардың ішінен дауыс беруге 926 сайлаушы қатысты. «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар сайлау бюллетеньдерінің саны – 91. Дауыс беруге арналған ғимараттан тыс дауыс берген сайлаушылар саны – 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Гоц Е.Ю. - 485; Зуевич Е.А. - 68; Меркер М.В. – 151.
Гоц Е.Ю. - Қиялы ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1984 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округінің әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылы мекенжайында тұратын.
Аққайың аудандық сайлау комиссиясы