Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2026 жылғы 2 маусымға сағат 18.00-де Аққайың ауданының Қиялы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Қиялы ауылдық сайлау округі бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 - саяси партия «AMANAT партиясы» ҚБ, 2 - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде,  2026 жылғы 7 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

Аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 июня 2026