
Жолдар
Ауданның жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 386 км құрайды, оның ішінде:
- Республикалық маңызы бар 111 км: оның ішінде 99 км (89%) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 12 км (11%) қанағаттанарлықсыз жағдайда
- облыстық маңызы бар 162 км: оның ішінде 120 км (74%) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 42 км (26%) қанағаттанарлықсыз жағдайда,
- аудандық маңызы бар Жолдар 113 км оның ішінде: 85,5 км (76%) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 27,5 км (24%) қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Соңғы 5 жылда аудан бойынша жалпы сомасы 5,9 млрд. теңгеге 169 км автомобиль жолы жөнделді.
Автомобиль көлігі
Ауданда 7 тұрақты субсидияланатын облысішілік маршруттар бар:
- "Смирново - Петропавл" (Ленин арқылы) - аптасына 5 рет
- "Смирново - Петропавл" - аптасына 5 рет
- "Григорьевка-Петропавл" - аптасына 7 рет
- "Ивановка-Петропавл" - аптасына 7 рет
- "Новороссийское - Петропавловск" - аптасына 7 рет
- "Камышлово-Петропавл" - аптасына 7 рет
- "Қиялы - Петропавл" - аптасына 6 рет
Автостанция "Петропавл –NORD" ЖШС-не жатады .
Автобус қатынасымен 26 елді мекен қамтылған.
Смирново ауылында субсидияланған қалаішілік маршрут бар (жергілікті бюджеттен):
– "автостанция – № 3 орта мектеп – Теміржол вокзалы – № 2 орта мектеп – "Балапан" балабақшасы – орталық аудандық аурухана-автостанция"