
2024 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша аудан аумағы 470708 га құрайды оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары 392 184 га, егістіктер жерлер 245 043 га, жайылымдар 145 379 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 356 746 га, оның ішінде егістік жерлер 241 692 га, жайылымдар 98 565 га.
Ауданда жалпы ауданы 69 280 га жер учаскелерінде 183 шаруа және фермер қожалықтары ұйымдасқан түрде жұмыс істейді, оның ішінде егістік 46 971 га, бұл ауданның егістік алқабына 20%, жайылым 18 850 га құрайды. Аудан аумағында 32 елді мекен бар, олардың жалпы ауданы 44769 гектарды құрайды, оның ішінде егістік жерлер 1896 га, жайылым 33161 га.
Ескертпе: 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңде «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлім КММ-де 168 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: 85 Мемлекеттік қызмет бөліммен атқарушы орган ретінде, 83 Мемлекеттік қызмет бөліммен жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы ретінде көрсетілді
Жер қатынастары бөлімі 2024 жылғы 17 қаңтарда жалпы ауданы 1018,9 га оның ішінде 388,6 га егістік, 625,1 га жайылым ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа, фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізді.
2024 жылдың II тоқсанында Олжа Береке 777 ШҚ Полтавка ауылдық округінің жерінен 212 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін 2024 жылдың 05 наурызына дейін ұзартуға өтініш беру мерзімін өткізіп алуына байланысты жер қайтарылды
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде Григорьевка ауылдық округінде орналасқан жалпы ауданы 1013 гектар болатын Смирновское ЖШС жер учаскелері алынды.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43-бабы 1-тармағына сәйкес, 44-1-бапта көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жерден, сондай-ақ сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
Жер учаскесiн беру бойынша Сiзге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға жүгiну қажет.