
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiш жасауы бойынша немесе өтiнiш жасауынсыз жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары 56 қызмет түрін көрсетеді.