Власовка ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылғы қорытындысы және 2020 жылға арналған жоспарлары туралы

Власовка ауылдық округiнде жәшiктер орналастыру орындары туралы ақпарат

№ с/о атауы Ауыл атауы Орналастыру орны
1 Власовка ауылдық округі Власовка

әкімі аппаратының ғимараты — 1;

Власовка орта мектебінің ғимараты — 1;

«Гермес» дүкені — 1; «Лидия» дүкені — 1.

2 Безлесное Безлесное негізгі мектебінің ғимараты — 1.

Власовка ауылдық округi бойынша тұрғындар саны

№ А/о атауы Ауыл атауы Статистик. мәлімет бойынша тұрғындар саны Факт. бойынша тұрғындар саны
  Власовка ауылдық округі Власовка 755 755
Безлесное 137 137
Сенное 4 4
    Барлығы 896 896

Власовка ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылғы қорытындысы және 2020 жылға арналған жоспарлары туралы

Мемлекет Басшысының Жарлығын iске асыру мақсатында, Қазақстандық қоғамды одан әрi демократиаландыру, ақпараттандыру, халықты елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы жауапкершiлiгi мен есептiлiгiн арттыру, атқарушы органдардың алдында есеп беру кездесулерi жүргiзiледi.

Округ әкімі аппаратының басты міндетінің бірі жергілікті салықты жинау бойынша қолдау көрсету болып табылады. Солай, 2019 жылы 2 млн. теңге салық жиналды.

Власовка ауылдық округінің аумағында 3 ауыл орналасқан: Безлесное, Власовка, Сенное, халықтың жалпы саны 896 адам. Округ бойынша халықтың экономикалық белсенді саны – 479 адам.

Округте 2 мектеп, Мәдениет үйі, пошта байланысының пункті, фельдшерлік-акушерлік пункт, кітапхана бар.

Жолаушылар тасымалы Қиялы және Шағалалы ауылдарының жеке кәсіпкерлерімен жүзеге асырылуда.

Ауылдық округ әкімінің аппаратында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін беруі нәтижелі жұмыс жүргізілуде.
2019 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 13, соның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы 2 қызмет көрсетілді.
Жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі, оларға сәйкесті жауаптар, ұсыныстар, кеңестер беріледі. Жалпы жыл ішінде жекежәнезаңды тұлғалар өтініштерімен жұмыс жүргізілді. 2019 жылы жеке тұлғалардан - 7 өтініш түсті. 50 нотариалдық іс-әрекет жасалды.

Жылдың басынан «Еңбек» бағдарламасы арқылы несиелер рәсімделіп, алынды: «Миловидовское» ФШ (6 млн. теңге), «Виктория» ШҚ, «Гердт В.В.» ШҚ (11,4 млн. теңге), «Элитное» ФШ (8 млн. теңге), Бизнес-Бастау бағдарламасы бойынша 2 адам оқудан өтті, 250 мың теңге сомасына 1 грант алынды.

Әлеуметтік-әлжуаз топтарын жұмыспен қамту мақсатында 2019 жылы округте ақылы қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылды, оған 13 адам бағытталды, жоспар бойынша жастар тәжірибесіне 1 адамды бағыттау қажет болды, округ 4 адамды бағыттады.

Өнімсіз жұмыспен қамтылған халықты формализациялау аясында жұмысқа орналастыру жүргізілді.

2019 жылы өткізілген жұмыстың нәтижесінде 120 адам жұмысқа орналастырылды, 45 жаңа жұмыс орны құрылды. Округ бойынша жалдамалы жұмыскерелердің саны 304 адам, халықтың экономикалық белсенді санынан 63%-ды құруда.

2020 жылы 107 адамды жұмысқа орналастыру, 8 жаңа жұмыс орнын құру, бұдан ерте құрылған – 83 орынғ қоғамдық жұмыстарға 10 адам бағыттау, кәсіби даярлау 5 адам, жастар тәжірибесі – 1 адам.

2019 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша округімізге еңбек күші мол аумақтарынан бір отбасы қоныс аударды, отбасыда 2 еңбекке жарамды және 7 бала. Аталған отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді түріне тартылып, тұрақты жұмыс орнына 1 адам орналастырылды. 2019 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Гердт В.В.» ШҚ, «Элитное» ФШ қоныс аударушыларға 2 тұрғын үй салды, аталған отбасы жаңа үйге көшті.

Әлеуметтік-әлжуаз топтарын қолдау бойынша округте атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін жолыққан отбасылардың материалдық жағдайын тексеру бойынша учаскелік комиссия әрекет етуде.
18 отбасыдан, 16 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, онда 71 адам тұрады.

Жазғы кезеңде көпбалалы отбасылар мен жетім-балаларға «Оқжетпес» балаларды сауықтыру лагерінде 2 бала демалды.

Округте 30 жалғыз басты зейнеткер мен мүгедек тұрып жатыр. Ерекше мұқтаждарға үш әлеуметтік қызметкер бекітілді.

Жыл сайын зейнеткерлерге, мүгедектерге және тыл еңбеккерлеріне ұарттар және мүгедектер күніне азық-түлік пакеттері түрінде демеушлік көмек ұйымдастырылуда.

Ауылдық округ экономикасының басты сектеоры ауыл шаруашылығы өнімін өндіру болып табылуда. Аграрлық сектордың даму деңгейі қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының негізін қалаушысы болды және әрдайым болады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемі21449 га. құруда, жаздық егіс – 20086 га. ШҚ ФШ жер үлесі – 70%, ЖШС – 30%. Округте В, ЖШС пен шаруа фермерлік қожалықтары, билығы жылы біздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жақсы астық жинағанын атап өту қажет, дәнді дақылдардың жалпы өнімділігі 25 ц/га, майлы дақылдары – 12,2 ц/га.

Егістік көлемдерді диверсификациялау аясында ауылдық округте негізінен «Грейн Рич» ЖШС, «Власовское» ЖШС, «Кедр» ШҚжәне «Целинное» ФШ жүргізуде, 2018 жылы году 3544 га майлы дақылдар егілді: рапс пен зығыр. 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың көлемі өзгерген жоқ.

Егістік асыл тұқымдарды егіп, жаңа технологияларды қолданып жүргізілді, атап айтқандай, биылғы жылы АШТӨ 15 ауыл шаруашылығының жаңа техникасын сатып алды.

Жалақы ағымдағы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда сол деңгейде қалды, ЖШС – 120 мың теңге, ШҚ – 100 мың теңге.

Округтің елді мекендерінде 288 аула бар, олардың 247 жеке қосалқы шаруашылығы бар. Барлық тұрғындар өз аулаларында жеке шаруашылық ұстау үшін, малдың басын көбейту үшін қажетті заттармен қамтылған.

Ауылдық округтің жеке ауласында мал басы: ІҚМ – 335 бас (сиыр - 223), шошқа – 880, қой – 416, жылқы – 36, құс – 6261.

Округте мал шаруашылығын дамытуға назар аударылуда. Округтің АШТӨ жалпы мал басы – ІҚМ – 392, ҰММ – 623, жылқы – 172, былтырғы жылмен салыстырғанда ІҚМ басы 33 немесе 11%, ҰММ басы 133 немесе 36%, жылқылардың өсімі 12 басқа немесе 1%.

Халықтан сүтті литріне 90 теңгеден «Мол ТД» АШӨК сатып алуда, жалпы 1 аула 32400 теңгеден кіріс көруде.

Ауылдық округ өнімдерін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерге апарып, Власовка және Безлесное ауылдарының тұрғындары ет және сүт өнімдерін ұсынды.

Округтің ветеринарлық дәрігері малдарды сәйкестендіру бойынша жұмысын өткізуде, мәліметтер компьютерлік базаға енгізілуде. Көктемгі және күзгі алдын алу ветеринарлық тексерулер уақытылы өткізілді, сондай-ақ жас малдардың күзгі тексеруі өткізілді. Мал қорымын ұстау, абаттандыру, мал сою мәселелері тұрақты бақылауда болып табылуда. Ветеринарлық есепке алу және есеп беру үйлестірілген.

2020 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта биснестің саны 27 бірлікті құрады, олардың 6 ЖШС, 23 ШҚ, 11 ФШ, 9 ЖК (сауда саласы – 6, мал шаруашылығы 1, жер пайдалану – 1, жеке сектордың малын бағу - 1).

Округте 6 дүкен бар, онда 11 адам жұмыс істеуде. Әлеуметтік-маңызды азық-түліктеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Барлық елді мекендерде абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша үшайлық шеңберінде жұмыстар атқарылды.

Елді мекендерді абаттандыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жылы күндер келгеннен кейін көшенің бойылары тазартылды, ағаштармен бағаналар ағартылды, қоршаулар жөнделіп, сырланды. «Таза бейсенбі» науқандары мен сенбіліктер өткізілдіү Ауылдық округтің эстетикалық түрін жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді: гүлзарлар отырғызылды, ұйымдар мен мекемелердің жанындағы көшеттері кесілді. Елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру жұмысы өткізілді, 500 көшет отырғызылды (шырша, алма, қайын), сквер мен балалар ауласы тазартылды, онда да 70 көшет отырғызылды.

Безлесное ауылындағы Даңқ обелискінің, сонымен қатар Власовка ауылының Даңқ мемориалына округтің АШТӨ демеушілік қаражаты есебінен косметикалық жөндеу жүргізілді.

Молодежная, Животноводческая көшелерінің жолдары себілді. Қысқы уақытта ауылдардың көшелерін Власовка ауылында «Гердт В.В.» ШҚ, Безлесное ауылында «Элитное» ФШ уақытылы жүргізеді.

Округтің барлық өндіріс учаскелерінде жарықтандыру бар. Ленин, Пушкин және Мир көшелері де жарықтандырылған. Мир көшесі бойынша жарықтандыру орнатылып, 2019 жылдың қарашасында қосылды.

Власовка ауылының сумен қамтылуы орталықтандырылған, ағымдағы жылы 13,4 км. ұзындығымен жаңа су тарату жүйелерінің құрылысы аяқталды, оған «Аккайын-Комсервис» ЖШС қызмет көрсетуде. Барлығы 45 су тарату колонкасы орнатылды. Үйлерге суды 67 аула тартты.

Безлесное және Сенное ауылдарында ауыз су су тарату колонкалары арқылы скважинадан беріледі.

Телефон байланысы мен Ғаламтор жеісіне қол жетерлікті «Қазақтелеком» АҚ жүзеге асыруда. АТС-қа үй-жай ауылдық округ әкімінің аппаратында жалға алуда, Власовка ауылында телефон жүйесінің абоненттер саны 250 құруда.

Округт тұрғындары жылдамдығы жоғары Ғаламтор жүйесін қосу мүмкіндіктері бар, есепті кезеңге 174 аула қосылған.

Власовка орта мектебі, Безлесное бастауыш мектебі, әкім аппараты, сондай-ақ ауылдың 162 абоненті кең жолақты Ғаламтор желісіне қосылған, мектептерде косметикалық жөндеу жұмыстары өткізілді.

А.К. Заруцкийдің басшылығымен Власовка орта мектебі аудандарымыздың үздік мектептері қатарында болып табылуда. Власовка орта мектебінде 123 оқушы білім алуда, 21 ұстаз жұмыс істеуде. Мектеп жанында 25 орынға арналған толық күндік шағын орталық қызмет етуде. «Лилия Меденникова» ЖК күшімен ыстық тамақтану ұйымдастырылған. 7 бала жалпы оқыту қоры арқылы тегін тамақтандырылуда. Безлесное бастауыш мектебінде 5 оқушы білім алып, 2 ұстаз жұмыс істеуде. Метеп жанында 15 орынға арналған толық емес күнге шағын орталығы бар, ыстық тамақтану«Лилия Меденникова» ЖК күшімен ұйымдастырылған.

Жазғы кезеңде Власовка орта мектебінің жанында «Солнышко» және Безлесное бастауыш метебінің «Колокольчик» сауықтыру алаңшаларында балалардың демалысы ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қамқорлығы арқасында оқу үздіктеріне, бірінші сыныпқа барушылар мен түлектерге ақшалай сыйлықтар берілуде. «Оқжетпес» аудандық балаларды сауықтыру лагерінің бекітілген корпусында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектепке барардың алдында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларды мектепке даярлау үшін жалпы 62 мың теңге ақшалай көмек көрсетілді.

Балалардың, сондай-ақ ересек адамдардың бос уақытын ұйымдастыру үшін мектеп жанында, Мәдениет үйінде үйірмелер, спорт секциядары ұйымдастырылып, демалу кештері өткізілуде.

Власовка орта мектебінің оқушылары шаңғы жарыстарында, шайбалы хоккейде, баскетбол бойынша облыстық және аудандық бірнеше реттік чемпионадары атанды.

Власовка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетуде, ол мына медициналық жабдықпен қамтылған: ЭКГ, қант және холестерин деңгейін анықтау аппараты, гемометр, шұғыл жәрдем көрсетуге арналған медикаменттер. 3 медқызметкер жұмсыс істеуде, олардың бірі – терапевт дәрігері, 2 медбике.

Безлесное ауылында медициналық пункт бар, 1 медбике жұмыс істеуде. Сенное а. медициналық қызметкерлердің болмауына байланысты Власовка ауылының ФАП қызметкерлері айына бір рет және шақыру бойынша жұмыс істеуде.

Мәдениет саласы мәдени-бұқаралық іс-шаралар, мемлекеттік және ұлттық меркелерді, концерттер, сауығу және тақырыптық кештер, жастар мен балаларға арналған дискотекаларды, азаматтар жиындары өткізілетін ауылдық Мәдениет үйімен ұсынылған. 2019 жылы Власовка ауылдық Мәдениет үйінде әр түрлі жанрлы 121 іс-шара өткізілді, оған 8132 адам қатысты. Соның ішінде мерекелік концерттер, тақырыптық кештер, демалыс кештері, сауығу бағдарламалары, жастар дискотекалары, кинозал жұмысы округтің жас тұрғындары мен ересек топтарына да қол жетерлік.

Мәдениет үйінің/ауылдық клубының жанында 7 клубтық құрылымы бар. Мәдениет үйінің ғимаратында кітапхана жұмыс істеуде, кітаптар қорының толтырылуы 199 дананы құрады.

Округте стадион, хоккей корты бар. Округ тұрғындары аудандық және облыстық спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие. Ағымдағы жылы округте Қысқы ойындарды ашуға арналған аудандық спорт мерекесі өткізілді. Хоккей қорапшасының бұдан әрі сапалы қызмет көрсетілуі үшін сметалық құжаттама әзірленді.

Округіміздің қоғамдық-саяси жағдайын тұрақтандыру үшін, ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуға М.Н. Полтавецтың басшылығымен «Мрия» атты украиндық этномәдени бірлестігінің өкілдері ат салысуда, олар округтың, ауданның, облыстың өміріне, сондай-ақ халықаралық деңгейде белсенді қатысуда. 2019 жылы оларға «Мрия» халықтың вокалдық тобы» атағы берілді. Ағымдағы жылы «Мрия» Түмен қаласында Сорочинская жәрмеңкесіне қатысып, 1 деңгейлі лауреаттар дипломымен марапатталды, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында «Біз біргеміз, біз бір отбасымыз» атты фестиваліне қатысты, оған Ресей, Украина, Белоруссия елдеріненқатысушылар келді, «Мрия» 2 орынға ие болды. 2020 жылы «Мрия» украиндық этномәдени бірлестігі Мәскеу қаласына мерекелік іс-шаралаға қатысу үшін шақырылды.

Жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін Власовка орта мектебінің жанында волейбол, баскетбол, футбол, хоккей секциялары қызмет етуде. Шаңғы базасы жұмыс істеуде. Округтің спортшылары ауданда және облыста өткізілген спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде, атап айтқанда, «Север» қысқы мерекесінде 1 орынға ие болдық. 2019 жылдың желтоқсанында балалар және жасөспірімдердің спорт мектебі арасында облыстық жарыстарда округ оқушылары шаңғы жарыстары бойынша 2 орынға ие болды. Қысқы ойындардың ашылуына байланысты аудандық мерекесінде Власовка ауылдық округінің командасы құрметті 1 орынға ие болды.

2019 жылдың қаңтарында есепті кездесулер барысында берілген Власовка ауылдық округі тұрғындарының ұсыныстары мен ескертулерін іске асырудың іс-шаралар жоспарына келісті бақылауға 6 мәселе қойылды, барлық мәселелер шешілді.

Біз 2020 жылы округта іске асырылуға жоспарланған жаңа міндеттерді шешуге дайынбыз:

  • округ ауылдарының абаттандырылуы бойынша жұмысын жалғастыруға;
  • шағын және орта бизнестің қолданыстағы құрылымдарын бұдан әрі дамытуға қолдау көрсету;
  • халықтың әлеуметтік-әлжуаз топтарын қолдау бойынша жұмыстарын жалғастыру.

Құрметті жерлестер!

Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығын іске асыру ауылдық округ тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, еңбек өнімділігін арттырады, инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерінің жағдайын жақсартады. Бірақ, округіміздің өркендеуі бізге ғана байланысты. Реализация всех выше перечисленных мероприятий позволит улучшить качество жизни населения сельского округа, повысит производительность труда, улучшит инфраструктуру, состояние объектов социальной сферы.

Власовка ауылдық округінің әкімі Е.В. Витковская

2020 жылы елді мекендердегі бар мәселелер жөніндегі халықтың ұсыныстары мен ескертулерін әлеуметтік желілерде жинауға арналған Аққайың ауданы әкімдерінің және басшылардың аккаунттары

ТАӘ Лауазымы Әлеуметтік желілер
Фейсбук Инстаграм
Елубаев Рүстем Мұқашұлы Аққайың ауданының әкімі

Rústem Muqashuly Elýbaev https://www.facebook.com/profile.php?id=100041458072944

Акимат Аккайынского района https://instagram.com/akimatakkaiynskogo?igshid=1iwa0t6ofutsv 

Телтаев
Нұрлан Зарапұлы
Аудан әкімінің орынбасары Нурлан Тельтаев https://www.facebook.com/profile.php?id=100044388352061 
Гонтарь Елена Викторовна Аудан әкімінің орынбасары Елена Гонтар https://www.facebook.com/profile.php?id=100008333087402 
Сарсымбаев Самат Қанатұлы Аудан әкімінің орынбасары Самат Сарсымбаев https://www.facebook.com/profile.php?id=100022782548901 
Дүйсембаева Махаббат Төлегенқызы Аудан әкімі аппаратының басшысы МахаббатДюсембаева https://www.facebook.com/profile.php?id=100033698984195 
Витковская Елена Иосифовна Власовка ауылдық округінің әкімі Власовка Округі Аққайың Ауданы https://www.facebook.com/profile.php?id=100022721801369 

Мақаланы құрған күні 05.01.2020 15:58

Дата публикации
06 февраля 2024