| № | с/о атауы | Село атауы | Орналастыру орны |
| 1 | Власовка ауылдық округі | Власовка | әкімі аппаратының ғимараты — 1; Власовка орта мектебінің ғимараты — 1;«Гермес» дүкені — 1; «Лидия» дүкені — 1. |
| 2 | Безлесное | Безлесное негізгі мектебінің ғимараты — 1. |
| № | С/о атауы | Село атауы | Статистик. мәлімет бойынша тұрғындар саны | Факт. бойынша тұрғындар саны |
| Власовка селолық округі | Власовка | 804 | 804 | |
| Безлесное | 178 | 178 | ||
| Сенное | 5 | 5 | ||
| Барлығы | 987 | 987 |
Ел Президентiнiң тапсырмасына сәйкес жыл сайын өткiзiлетiн барлық деңгейдегi әкiмдердiң халықпен есептi кездесулерi билiк пен халық арасындағы дәстүрлi сұхбаты болып табылуда, халықпен өткiзiлетiн есептi кездесулердiң негiзгi мақсаты — тұрғындарды елiмiзде өткiзiлетiн реформалармен таныстыру. Жақын жылдарға елдiң дамуы үшiн мемлекет басшысы таңдаған стратегияны қолдап, бiз халық игiлiгi үшiн қойылған мiндеттердi орындауға барлық ммкiндiктердi қолдануға ұмтыламыз.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде республикалық және жерлiгiлктi бюджеттен көше жарықтандыруды орнатуға 2 593 000теңге бөлiндi — 2017 жылдың 7 мамырында қосылған Пушкин көшесiнiң 8 шамы бар электр бағанасы орнатылды.
«Аумақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберiнде көше жарықтандыруды орнатуға 441 700 теңге бөлiндi — 2017 жылдың 10 сәуiрiнде қосылған Ленин көшесi бойынша 7 көше шамы қосылды, сондай-ақ Ленин және Пушкин көшелерiнде қосымша 8 шам орнатылды, олардың қосылуы 2018 жылдың I тоқсанына жоспарланды.
Халықтың басты мiндеттерiнiң бiрi жергiлiктi бюджетке салық төлеу болып табылуда. Округ әкiмiнiң аппараты жергiлктi салықты жинау бойынша күнделiктi жұмысын өткiзуде, солай 2017 жылға 1155076 теңге жиналды.
2017 жылы жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол бақылау шотына 2016 жылдың қалдықтарын есептегенде жнилған салықтардан 10%-н қайтарылуы 206156 теңгенi құрды. 149820 теңге шығындар құрылды, соның iшiнде: 2017 жылдың сәуiрiнде электр жабдықтарын өлшеу сынақтары бойынша техникалық есептi жасау — 25000 теңге, көше жарықтандыру жобасын әзiрлеу — 27500, (газон шабу машинасына) триммер сатып алуға — 97230 теңге.
«Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Ел Президентiнiң 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында аграрлық сектор экономикамыздың жаңа драйверi болуы керек екендiгi белгiлендi. Қазақстанның агроөнеркәсiп кешенi басымдық болашағы бар. Көптеген тұрғылар бойынша бiз әлемде аграрлық эспортқа бағыт алған өнiмдерiнiң iрi өндiрушiлерiнiң бiрi болуымыз мүмкiн, солай округ экономикамыздың тұрақты дамуы негiзгi бағыттарының бiрi агроөнеркәсiп кешенiнiң дамуы, өйткенi округтiң жетекшi саласы өсiмдiк шаруашылығы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлердiң жалпы көлемi 21 449 га құруда, соның iшiнде 19605 га егiстiк. Округте 6 ЖШС мен 34 шаруа қожалықтары бар, есептi жылы бiздiң ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi жақсы астық өсiрдi деп айтуға болады, округ бойынша орташа астық өнiмдiгiлi гектардан 25 центрнердi құрды. Егу астықтарды өсiрудiң жаңа технологияларын қолданып, жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, асыл тұқыммен жүргiзедi, атап айтқанда, биылғы жылы
«В.В. Гердт» шаруа қожалығы — дөңгелектi трактор, «Фиат» шаруа қожалығы — 2 комбайн, «Целинное» фермерлiк шаруашылығы тарктор және комбайн сатып алды. Жаздық егiс — 20 226,5 гектарды құрды, шаруа және фермерлiк қожалықтаржың жер үлесi 70%-ы құруда, ЖШС жерлерi 30%-ы құруда. Ағымдағы жылы әртараптандыру есебi арқылы округтiң шаруашылықтары майлы дақылдардың көлемi 1814 гектарға ұлғайтылды. 2018 жылдың жоспарында май дақылдарының көлемiн 500 гектарға ұлғайту.
Ағымдағы жылы жал ақы былтырғы жылдың деңгейiнде қалып, ЖШС — 115 мың теңге, ШҚ — 95 мың теңгенi құрады. Округтiң барлық шаруашылықтары бiр шартты жер үлесiне 8-10 центнерден толық көлемде дивидентердi төледi.
Округтiң елдi мекендерiнде 297 аула бар, олардығ 236 жеке қосалқы шаруашылығы бар. Барлық тұрғындар өздерiнiң қосалқы шаруашылықтарына малды өсiруге арналған қажеттi азықтарымен қамтылған.
Есептi кезеңге мал шаруашылығын бұдан әрi дамыту үшiн «Ырыс» мемлекеттiк бағдарламаға қатысып, «В.В. Гердт» шаруа қожалығы IҚМ тұқымын жаңарту бойынша үлкен жұмыс жасады, 2017 жылдың желтоқсанында 100 басқа арналған сұт-тауар фермасы ашылды, жылдың басына буаз сиырдың 50 жеткiзiлiп, жаңа жұмыс орындарына 7 адам орналастырылды.
Бiрнеше жылдар ағымында Власовка аулында жасанды мал ұрықтандыру пунктi қызмет көрсетуде, солай есептi жылы 169 бас қара мал жасанды ұрықтандырылды. Ет пен сұттi сатып алумен Шағалалы мен Қиялыдан келiп, адамдар айналысады, солай жылдық жоспар 100%-ға орындалып, 35 тонна ет салып алды. Ауылдық округ өнiмдердi апта сайынғы жәрмеңкелерге апарып отырды, ет және сүт өнiмдерiнiң ассортиментi Власовка және Безлесное ауылдарының тұрғындарымен ұсынылды.
Округтiң ветеринарлық дәрiгерi үй жануарларын сәйкестендiру бойынша жұмыстарын өткiзуде, үй жануарлардың барлық мәлiметтерi компьютерлiк базаға енгiзiлiп отырылуда. Алдын алу ветеринарлық өңдеулерi мерзiмiнде орындалып, аналық мал басын, сондай-ақ жас малды көктемгi және күзгi өңдеуi уақылыты өткiзiлдi. Округ бойынша ауру мал анықталған емес. Сонымен қатар, малды сою, ұстау және мал қорымын орналастыру тұрақты бақылауда болып табылады, ветеринарлық есепке алу мен есеп беру үйлестiрiлген.
Халықты жұмыспен қамту
Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыру мақсатында ағымдағы жылы келесi iс-шаралар орындалды: жеткiзiлген 66 жоспарында 121 жұмыс орны құрылды, олардың iшiнде 51 жаңа жұмыс орны, алдын ала құрылған жұмыс орындарына 7 адам жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде ауыл шаруашылығында 48 адам, кәсiпкерлiк саласында 4 адам. Қоғамдық ақылы жұмысын ұйымдастыру есебiнен 4 адам жұмысқа орналастырылды.
2017 жылмен салыстырғанда ресми жұмыссыздықтың деңгейi (0,2 %) төмендедi, ауылдық округте 0,1 %-ы құрады. Жұмыссыздардың базасынан 4 адам кәсiби оқудан өттi: компьютерлiк сауаттылыққа 3 адам оқытылды, 1 адам аспаз оқуын тәмамдады.
Халықтың әлеуметтiк әлжуаз топтарын қолдау үшiн округте отбасылардың материалдық жағдайын меiгеру бойынша учаскелiк комиссиясы әрекет етуде, мекенжай әлеуметтiк көмегiн тағайындауға жолыққан отбасылар жоқ. 2017 жылы отбасыларды белсендiрудiң
1 контракты жасалды, «Өрлеу» жобасына тартылған қатысушылардың саны 8 адам.
Аз қамтылған отбасылардың балаларына жазғы кезеңде демалыс ұйымдастырылды, жалпы «Оқжетпес» сауығу лагерiнде 9 бала демалды.
Округте 69 жалғыз басты зейнетер мен мүгедектер тұруда. Ерекше мұқтаж 19 адамға 4 әлеуметтiк қызметкер тiркелдi. 4-деңгейлi бағдарлама бойынша мемлекеттiк ұйымдардың басшыларына, ЖШС пен ШҚ 5 адам тiркелдi.
Халықтың жұмыспен қамтылуы және жеке қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы үй жануарларының басын ұлғайту мақсатында «Гердт» ШҚ мен «Элитное» ФШ басшыларымен келiсiм-шарт негiзiнде өсiрiп жеткiзуге жас малды ұсыну мәселесi қарастырылуда. Аталған шарамен 10 аула қамтылады.
2018 жылы округте 20 гектар көлемiнде бақша дамуы жоспарлануда, көмек көрсету үшiн «GRAIN RISH» ЖШС, «Элитное» ФШ техникасы тартылады, халықтың өнiмдi емес өзiн-өзi жұмыспен қамтылуы санынан 10 адам жұмысқа орнластырылады. Кәртоп отырғызу жоспарлануда. Барлығы, 2018 жылдың жоспарында жалпы жұмысқа орналастыру 6%-ы құрайды.
Халық арасында мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы тұсiндiру жұмыстарын өткiзу мақсатында азамттардың 4 жиыны өткiзiлдi, кәсiпорындар мен ұйымдарда жиналыстар өткiзiлдi, округ әкiмi аппаратының қызметкерлерi әр үйге медицинадық сақтандыруды ендiру жүйесi мен мерзiмдерi жайлы материалдарды таратты.
Округ әкiмiнiң аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi әзiрленiп, бекiтiлдi, оған сәйкес өтiнiштерiмен «Айқын» базасында күнделiктi жұмыс өткiзiлуде, сонымен қатар, ауылдық округ әкiмiнiң виртуалдық қабылдауы да қызмет көрсетуде.
Есептi кезеңде 4 ауызша өтiнiш түстi. Азаматтардың 8 жиыны өткiзiлдi. Округтiң жолыққан тұрғындарына 84 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.
Абаттандыру
Барлық елдi мекендерде абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша үшайлық шеңберiнде аталған бағыт бойынша жұмыстары өткiзiлдi. Елдi мекендердi абаттандыру бойынша iс-шаралар жоспары әзiрленiп, бекiтiлдi. Жылы күндердiң басталуымен көшелер тазаланып, ағаштар мен бағаналарды ағарту, қоршауларды жөндеп, сырлау және тағы басқа жұмыстар жүргiзiлдi. Сенбiлiктер мен «таза бейсенбiлiктер» акциялары өткiзiлдi. Ауылдық округтiң эстетикалық түрiн жақсарту бойынша үлкен жұмыс өткiзiлдi: клумбаларды жасау, кәспорындар мен ұйымдардың жанындағы көшеттерiн кесу. 2017 жылы Власовка ауылының Ленин және Пушкин көшелерiн жарықтандыруға 338,900 мың теңге игерiлдi.
Власовка а. қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын үймелеу жұмыстары өткiзiлдi.
Округтiң барлық өндiрiс учаскелерiнде жарықтандыру орнатылған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кiшi бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Молодежная көшесiнiң жолы «Грейн Рич» ЖШС күшi мен 1 млн. 100 мың теңге қаражатына ағымдағы жөндеу жұмыстары өткiзiлдi.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кiшi бағдарламасын iске асыру шеңберiнде 2018 жылы ЖШС, ШҚ мен ФШ күшiмен Власовка, Безлесное ауылдарының ауылiшiлiк жолдарын жөндеу, округ әкiмi аппаратының ғимаратын жөндеу, саябақ пен балалар алаңын ашу жоспарлануда.
2018 жылы ақшалай қаражат бөлiнген жағдйда келесi жұмыстарды өткiзу жоспарлануда: Власовка а. Мир, Животноводческий, Безымянный, Калинин көшелерiнiң автомобиль жолдарын орташа жөндеу; Безлесное а. көше жарықтандыруын орнату; Власовка а. хоккей корапшасын дұрыстау; Мәдениет үйiнiң аумағын қоршау және шатырын ағымдағы жөндеу. Барлық аталған жұмыстады өткiзуге жобалық-сметалық құжаттама жасалды.
Халықты және аумақтарды қорғау бойынша округте 2018 жылдың көктемгi-жазғы кезеңде су тасқынынан кейiнгi зардаптарын төмендету және жою кешендi iс-шараларды ұйымдастыру және уақытылы өткiзудiң мақсатында:
Бiлiм беру және денсаулық сақтау
Ауылдық округте екi мектеп қызмет көрсетуде — Власовка орта мектебi мен Безлесное бастауыш мектебi. Мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары өткiзiлдi.
Власовка орта мектебi ауданымыздың ең үздiк мектептерiнiң бiрi, 2017 жылдың желтоқсанында мектеп директоры А.К. Заруцкийге «Құрмет» орденi берiлдi.
Власовка орта мектебiнiң жанында 25 орынға арналған интернат, 25 орынға арналған мектепке дейiнгi шағын орталық бар. Балаларды сабаққа жеткiзу қамтамасыз етiлуде, мектепте «Газель» маркалы автокөлiгi бар. Мектептер оқитын балалардың саны 114 оқушы. Округтiң барлық мектептерiнде телефондар бар және Ғаламтор жүйесiне қосылған. Безлесное БМ жанында жарты күнге арналған шағын-орталық бар, оған мектепке дейiнгi жасындағы 5 бала баруда.
Балалардың, сондай-ақ ересек жастағы халықтың бос уақытын ұйымдастыру үшiн мектеп жанында спортза, стадион және хоккей қорабы бар. Командаларға арналған хоккей киiмiнiң толық комплектi бар.
Округ аумағында Власовка ауылында фельдшерлiк-акушерлiк пункт пен Безлесное ауылында медициналық пункт бар.
Мәдениет және спорт
Власовка ауылында Мәдениет үй қызмет көрсетуде, 5 клуб құрылымы жұмыс iстеуде, соның iшiнде:
Барлық мемлекеттiк мерекелер мен атаулы күндер бойынша iс-шаралар өткiзiлдi, одан басқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберiнде кездесулер, «дөңгелек үстелдер», әр түрлi көрмелер ұйымдастырылды, ақпарат пен фотоесептер округтiң ресми веб-сайтында және Фейсбук әлеуметтiк жүйесiнде орналастырылды.
Қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға, бiрлiкке және халық арасындағы келiсiмге М.Н. Полтавецтiң бастамасында жұмыс iстеп отырған «Мрия» украин этономәдени орталығының өкiлдерi әрекет етуде. Олар округтiң, аудан мен облыстың қоғамдық өмiрiне белсене қатысуда, грамоталар мен алғыс хаттарға ие, 2017 жылдың қазанында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесiнiң облыстық байқауында аудан намысын қорғап, гала-концертке белсене қатысты. Одан басқа, 2017 жылдың желтоқсанында М.Н. Полтавец Аққайың ауданының Құрмет азаматы атағына ие болды.
Ауылдық кiтапхана қызмет етуде, кiтап қоры 6500 дананы құрады.
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшiн Власовка орта мектебiнiң жанында волейбол, баскетбол, футбол, хоккей спорт ойындарының секциялары жұмыс iстеуде. Шаңғы базасы қызмет көрсетуде. Округтiң спортшылары ауданда, облыста өткiзiлетiн барлық спорттық iс-шараларға белсене қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткiзуде, атап айтқанда, «Солтүстiк» қысқы мерекесiнде I орынға ие болып, «Ақ бидай» жазғы мерекесiнде 6 орынға ие болды, жыл сайынғы «Колос» газетiнiң кубогына футбол турнирiнде — I орынға қол жеткiздiк.
Барлығы үш ауылдың халық алдындағы есептi кездесуiнде 9 ұсыныс пен ескерту айтылды, соның iшiнде 4 ауылдық округ әкiмiне түстi,
3 мәселеге түсiндiрме берiлдi, 1 мәселе бақылауға алынды — Безлесное а. Ленин көшесiнiң қиылысында су өткiзу құбырын орнату. Аталған құтыр жеткiзiлiп, орнатылды.
Аудан әкiмiнiң есептi кездесуiнде 5 мәселе түсiп, олардың 4 түсiндiрме берiлiп, 1 мәселе бақылауға алынды — Власовка Мәдениет үйiн модульдiк қазандыққа қосу мәселесi. Мәселе толықтай шешiлдi, Мәдениет үйiнiң ғимараты модульдiк қазандыққа қосылып, жұмыс тәртiбiнде iстеуде.
2018 жылда округте iске асыруға жататын басымдық мiндеттерi:
Власовка ауылдық округiнiң әкiмi
Е. Витковская
Мақаланы құрған күні 20.03.2018 17:48