Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 25-3 «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Власовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 25-3 «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Власовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Власовка ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 50519,2 мың теңге:

  • салықтық түсімдер – 2984 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер – 478 мың теңге;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер — 0 мың теңге;
  • трансферттер түсімі – 47057,2 мың теңге;

2) шығындар – 55354 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу — 0 мың теңге:

  • бюджеттік кредиттер — 0 мың теңге;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу — 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо — 0 мың теңге:

  • қаржы активтерін сатып алу — 0 мың теңге;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) — -4834,8 мың теңге;

5-1)бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті ) — 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) — 4834,8 мың теңге:

  • қарыздар түсімі — 0 мың теңге;
  • қарыздарды өтеу — 0 мың теңге;
  • бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 4834,8 мың теңге.»;
  • көрсетілген шешімнің 1— қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
06 февраля 2024