2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Власовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына,   Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Власовка ауылдық округініңбюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 49837,0 мың теңге:

салықтық түсімдер –2984,0 мың теңге;

салықтық емес   түсімдер – 478 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 46375,0 мың теңге;

2) шығындар -49837,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

5-1)бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті ) - 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

2. 2023 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;

2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

4) мыналардан:

тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы

ауддандық маңызы бар қаладағы, аулдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

аудандық маңызы бар қаланын, аулдын, кенттің, аулдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде;

елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналыстырғаны үшін төлемақы

6) бірыңғай жер салығы

7) жер учаскелерін пайдалағаны үшін телемақы

3. Ауылдық округ бюджетінің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

3 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

4. Ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін.

5. Аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне табысталған бюджеттік субвенция сомасы 46375,0 мың теңге көлемінде белгіленсін.

6. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы
 
Власовка ауылдық округінің әкімі Е. Витковская

Дата публикации
06 февраля 2024