Тоқшын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы
«17» наурыздағы № 9-ө өкіміне
қосымша
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері
мінез-құлкының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1) заңдылық;
2) транспарентіліқ;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлықтық көріністерден қорғау;
5) мүдделер жанжалына жол бермеу.
1) жеке және заңды тұлғалар құқығы мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде мыналарды камтамасыз етеді:
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуресарсаңға салуға жол бермеу;
азаматтардың құқықтарын іске асырудың барынша аз мерзімі және заңды мүддесін;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
көрсетілетін қызметті алушының шығу тегіне, әлеуметтік, лауызымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандайда бір кемсітушіліксіз тең қол жеткізу;
мыналарға бермейді:
азаматтардың өтініштерін қарау кезінде оларға қатысты мәселені объективті шешуге мүдделілік білдірмейді деп пайымдауға негіз болған адамдарға тексеру жүргізуді жүктеу жағдайларына;
өтініш берген немесе оның мүддесі үшін өтініш берілген адамға жеке және заңды тұлғалардың зиян келтіретін өтінішіне;
шығымдарды іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отарған лауазымды тұлғалардың қарауына жібермеуге;
азаматтардың келісімініз олардың жеке өмірі туралы;
жеке тұлғаның жеке басы туралы өтінішке қатысы жоқ деректердің анықталуына.
2) өз құзіреті шегінде басқару және өзге де шешім дайындау және қабылдау кезінде мыналарды қамтамасыз етеді:
құзіретінің ара-жігін нақты айқындауды және барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келісіп қызмет етуін;
лауазымдық өкілеттікті атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен тапсырмалар шығаруға жол бермеуді;
туыстық, жерлестік және жеке адалдық белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайына жол бермеуді;
меритократия қағидатын сақтауды;
қабылданған шешімдердің заңдылығына жеке жауапты болуды;
3) нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындаған кезде мыналарды қамтамасыз етеді:
нормативтік құқықтық актілерді осы актіні қабылдау құзіреті Қазақстан Республикасының заңнамаларында тура қарастырылған жағдайда ғана қабылдауды;
азаматтар құқығын іске асыру жөніндегі жобасын келісу инстанциясының ең аз санын;
құқықтық актілердің жобаларын дайындау және талқылау барысында бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамның міндетті қатысуы;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндетті қатысуы;
әзірленген құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастырылады;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын құқықтық актілердің жобалары, олар сараптамалық кеңестің отырысында қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады;
сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды құқықтық актілерде қолданбау;
міндетті ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға қажетті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жіберу.
4) күнделікті қызметте:
мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтайды және нығайтады;
жалпыға ортақ моральдық-әдептілік нормаларын сақтайды;
мемлекеттік билік беделін қолдауды және Қазақстан Республикасын кемсітушілікке қабілетті және мемлекетік қызмет мүддесіне қарама қайшы келетін әрекеттерге жол бермеуді, соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамамен белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;
лауазымдық өкілеттігін және олардың негізіндегі беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделеріне пайдалануға әкелетін әрекеттер жасауға жол бермейді;
оларға мәлім болған сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жағдайлар туралы басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына тез арада жеткізуді;
қажет болған жағдайда тікелей басшысына мүдделер жанжалы, қызметтік міндеттерін орындаған кезде жеке қызығушылық білдіру туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық жасауға және сыйлық алуға көндіру туралы мәліметті жеткізеді;
әріптестерге және басшыларға, олардың риясыз қызметтік шешім қабылдауға әсер ететін, орнатылған өзара қарым-қатынас тәртібін бұзатын, құқықтық емес өтінішпен жүгінбейді;
қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлық қабылдамайды және сыйламайды;
игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;
егер лауазым жақын туыстық (ата-анасы, зайыбы-жұбайы, ағасы-інісі, әпкесі-сіңлісі, баласы) қатынаста тұрған адамдарға тікелей бағыныстылыққа немесе солардың бақылауына байланысты болса, оған тағайындалудан бас тартады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ашуда белсенділік танытады;
өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде орындау үшін алынған өкімнің дұрыстығына күдік келтірілгені туралы дереу хабарлайды;
жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниетті сақтауды қолдайды;
мүдделер шиеленісі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және олардың салдарының ықтимал туындауының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі шараларды тұрақты негізде қабылдайды;
қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті сақтайды;
басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есібінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермейді;
өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.
5) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:
мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;
отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға жол бермеу;
әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген болса қатысуға жол бермеуі тиіс.
өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғалардың ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болады;
басшылықты жеке-дара өкімшілік қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығы үшін жеке жауапты болады;
қарамағындағылардан лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпейді;
қарамағындағы қызметші өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер шиеленісін реттеу жөніндегі толыққанды шараларды уақытында қабылдайды;
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі толыққанды шараларды қабылдайды;
қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан өзін аулақ ұстайды;
өзінің қарамағындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзұшылық жасауына жол бермеуге жеке-дара жауапты болады.