Смирново ауылдық округі аумағында Смирново ауылы орналасқан, жалпы тұрғындар саны 5968 адам.Экономикалық белсенді тұрғындары 3805 адамды құрайды.
Смирново ауылы темір жол стансасы болып табылады және Петропавл қаласының темір жолымен байланысқан. Темір жол стансасы арқылы алыс қатынастағы Смирново ауылын Қазақстан Республикасының және Ресейдің қалаларымен байланыстыратын 8 жұп жолаушы поездар өтеді. Аудан елді мекендерімен «Петропавловск Норд» ЖШС жүзеге асыратын автобус қатынасы жолға қойылған. Жеке тасымалдау үшін 9 көлік такси іске қосылған. Мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері үшін адамдарды тасымалдауға «Смирновский элеватор» ЖШС, «Аккайын АЭС», ЛЭП-500 жұмыс ұйымдастырған, оқу кезінде Смирново ауылында автобус жұмыс атқарады.Ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы жүреді. Жеке мәселелер бойынша азаматтар қабылданып, оларға тиісті жауаптар, ұсыныстар, кеңестер беріледі. 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан 43 үндеу түскен. Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелмеген.
Халықты әлеуметтік қорғау
2020 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша «Енбек» бағдарламасы бойынша 31 млн.тенге, «Бастау» бағдарламасы бойынша 24 адамға несие берілді.
Нәтижесіз жұмыспен қамтылғанды заңдастыру шеңберінде 443 адам жұмысқа орналастырылған, 141 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Жалданып жұмыс атқаратын жұмысшылар саны 1530 адам, ол экономикалық белсенді тұрғындардың 46% құрайды.
2020 жылы 415 адамды жұмысқа орналастыру, меморандум және жаңа объектілер ашу есебінен 150 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланған.
2020 жылы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын жұмыспен қамту мақсатында округта қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, оларға 93 адам жолданған.
Жалғыз басты зейнеткерлерге 17 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округі жер алқаптарының жалпы көлемі 2972 га. Ауылдық округтің жеке аулаларында 667 ІҚМ басы (сиырлар -270), 402 шошқа; 1287 қой; 260 жылқы басы, 14227 құстар есептелуде.
Шағын және орта бизнес
Округ аумағында барлығы 43 дүкен, онда 279 адам жұмыс атқарады, 2019 жылмен салыстырғанда 2 дүкенге артық.
Ауылдық округте өнеркәсіп өндірісінің саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндірумен негізінен айналысатын кәсіпорындар: «Элеватор Смирновский» ЖШС (элеваторда астықтың жалпы сақтау сыйымдылығы 100 мың тонна), «Астықты қабылдау мен тиеп жөнелту пункті» ЖШС шағын-элеваторы (жалпы сақтау сыйымдылығы 24 мың тонна), «ИКЕА ТАС Групп» ЖШС элеваторы 60 мың тонна, «КОФКО интернешнл АСТЫҚ» ЖШС элеваторы 40 мың тонна.
Абаттандыру
Абаттандыру жұмыстары жыл бойында жүргізілуде.
Тәуелсіздік алаңы мен Смирново а. көшелерінен 1500 куб қар шығарылды.
- 67 су өтетін трубалар қардан тазаланды.
- Панфилов, Молодежная, Пушкин, Имаков, Жамбыл, Карбышев, 9 Мамыр, Народная, Сырғабеков, Абай, Суворов, Киров, Папанин, Октябрь көшелерінде еріген қар суы өтуі бойынша жұмыстары жүргізілді;
- Горький көшесінде, орталық саябақта, Жұмабаев, Киров көшелеріндегі қураған ескі ағаштарды кесу және жас талдарды шабу бойынша жұмыстар жүргізілді.
- Жеңіс ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Баскетбол, волейбол алаңдары орнатылды.
- 317 баған мен 517 ағаш әктеліп, 125 баған сырланған.
- 4 балалардың ойын алаңдары орнатылған: Больничный қалашығында, 9 Мамыр, Гагарин, Северный көшелерінде.
- Биотоғанға апаратын және айналма жолға инертті материалдар төгіліп, шұңқырларды тегістеу жұмыстары жүргізілді.
- Титов көшесінде темір қоршаулар орнатылған.
- «Жол картасы» бағдарламасы бойынша М.Маметова, О.Кошевой, Титов, Абай, Жұмабаев,Папанин, Пушкин, Первомайская, Южная, Лермонтов көшелерінде жарыққа ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 179 дана көше шамдары орнатылды, одан басқа Жамбыл, Имаков, Жұмабаев, Зеленая, Молодежная көшелерінде 85 шам орнатылып, ағымдағы жөндеу жүргізілген.
- Амангелді, Партизанская, Труд, Молодежная, Жұмабаев, Гагарин көшелеріне 137 дана шам орнатылған. Барлығы 401 шам.
- Горький, Титов көшелеріндегі 80дана дроссель шамдары светодиод шамдарына ауыстырылды. Тұрақты түрде жанбаған шамдар Суворов, Народная, 9 мамыр, Титов, 25 лет Целины, Пушкин, Киров, Северная, Дорожная, Школьная, Сырғабеков көшелерінде ауыстырылып отырады.
- 2020 жылы Амангелді, 9 мамыр, Пушкин, Киров, Молодежная, Партизанская, Гагарин көшелерінде жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді.
- Сырғабеков, Линейная, Абай, Мүсрепов көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
- Орталық саябақ және орталық алаңда 2000 дана біржылдық гүл көшеттері отырғызылды.
- Абай, Суворов, Титов, Октябрь көшелеріндегі 4 су өтетін трубалар орнатылған.
- Ауылға кіреберістегі стелла сырланған.
- 90 тонна қоқыс жиналып, шығарылған.
- 19 заңсыз қоқыс орындары тазартылған.
- 4 апаттық ескі үйлерді бұзу жүргізілді.
- ТҚҚ орындарын жинау жұмыстары жүргізілді.
- Титов, 25 лет Целины көшелерінің бойындағы қамыс шабылды.
- Аудандық мұсылман мешітін абаттандыру бойынша жұмыстар өткізілді (шөптер шабылды).
Инфрақұрылым
Смирново ауылын ауыз сумен қамту су тарату бағандары арқылы жүзеге асырылады. Ауыл топтық су жүйесіне қосылған. Су тарату жүйесінің ұзындығы 27,5 км құрайды. Округ аумағында 3 су тарату мұнарасы, 139 су тарату бағандары, 86 гидрант әрекет етеді.
Телефон байланысын «Қазақтелеком» АҚ жүзеге асырады.«Қазпошта» АҚ пошталық және телеграфтық автоматты қалааралық байланыс түрлері, округ тұрғындарына сапалы қызмет көрсетеді. Мектептер 100% телефондандырылған, сондай-ақ 100% ғаламтор байланысымен қамтамасыз етілген.
Білім беру
Округте 942 оқушы оқитын 3 орта мектеп әрекет етуде. №1 және №3Смирново орта мектептері жанында толық/толық емес күндік 92 орындық шағын орталықтар жұмыс істейді. Үйірмелер мен спорт секциялары бар, демалыс кештері өткізіледі.
Денсаулық сақтау
Округта емдеу жүйесін орталық аудандық ауруханасы ұсынады, 58 кереуеттік тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, 20 кереуеттік күндізгі стационар, 4 дәріхана бар. Халыққа медициналық көмекті 24
дәрігер және 76 орта медициналық қызметкерлер көрсетеді. 250 адамға қызмет көрсететін емхана орналасқан.
Мәдениет және спорт
Аудан орталығында 1 Мәдениет үйі, аудандық кітапхана, балалар кітапханасы және мұражай жұмыс істейді.
Округте «Әжелер» шығармашылық ардагерлер бірлестігі және «Славянка» фольклорлық тобы, қазақ ансамблі, «Меруерт» би ұжымы бар.
Округте спорттық жұмыс жолға қойылған. Спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленді. Біздің спортшылар барлық спорттық іс-шараларға белсене қатысады, ауданда ғана емес, сондай-ақ облыста. №1, №3 орта мектептерінде жаттықтыру залдары әрекет етуде. 1 стадион, 1 баскетбол, волейбол алаңы, 4 хоккей корты бар.
Аулалық клубта 283 адам спортпен шұғылданады, 9 үйірме жұмыс атқарады.
2020 жылғы қаңтар айында өткен есептік кездесулерде берілген Смирново ауылдық округі тұрғындарының ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалған.
2021 жылға арналған жоспарлар
2020 жылы Октябрьская, Абылай-хан, Народная, Северная, Жұмабаев көшелерінде орта және Папанин, Имаков, Дорожная көш. ағымдағы жөндеуі жоспарланған.
«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы Смирново а. көшелерін жарығына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлінген, одан басқа октябрьская, Гагарин, Пушкин, 9 Мамыр, Труд, Островский, Терешкова, Гастелло, Северный тұйық көшесі, Заводская көшелерінің жарығын жөндеу және орнатуға ақшалық қаражат бөлінген.
Орталық саябақты абаттандыруға және 2 балалар алаңын орнатуға қаражат бөлінген.
2021 жылы округ бойынша тұрғындар табысын ұлғайту үшін және жаңа жұмыс орындарын ашуға шағын кредиттеуді ұлғайту жоспарланған.
Округтағы барлық жүргізілетін жұмыс тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, тұрғылықты жерді көркейтуге бізге жергілікті қауымдастық және округтың барлық тұрғындары қолдау жасап отырады.
Жастарды қолдау мәселесіне, бастамашылықты дамытуға, бос уақыттарын өткізугекөп көңіл бөліп отырамыз, қарт адамдарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбастарына, әлжуаз азаматтарға өзгеше көңіл бөліп, барлық әлеуметтік мәселелерін шешуде көмек көрсетіліп отырады.
Смирново ауылдық округінің әкімі
Асхат Хамзин