Жаңа жетістіктерге еліміз үшін бағыт беретін 2014 жылы маңызды бағдарламалық құжат болып Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбишұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Жолдауы болды, бұл біздің өткен жетістіктеріміздің негізі және жоспарлардың орындалуының кепілі болып табылады. Біздің еліміз әлемдік сілкіністегі тұрақты арал болып табылады.
Ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығы агроөнеркәсіптің маңызды саласының бірі болып табылады, оның сәтті дамуынан халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету байланысты.
Округте 2080 аула бар, оның ішінде 604 үй шаруашылығы бар. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы бойынша округте 590 бас ІҚМ, оның ішінде сиырлар – 258 бас, шошқалар – 487 бас, ешкі мен қой – 842 бас, жылқылар – 120 бас.
Әр сенбі сайын нарықта ет, сүт, қаймақ, май, бал және басқа ауыл шаруашылық өнімдері жүзеге асырылады. «Аягөз» сауда үйінің жанында «Меденников» ЖК ет өнімі бар киоск әрекет етеді.
Бүгінгі күні селолық округтегі жердің ауданы 342 гектар, онын ішінде жайылым – 1659 гектар құрайды. Округ аумағында жаз мезгілінде ірі қара малдарды бағу ұйымдастырылған .
Кәсіпкерлік
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында орта шағын бизнесті қолдау бойынша жаңа бағыттар қойылған.
Округ аймағында барлығы 192 орта және шағын бизнес субъектілері әрекет етеді, оның ішінде жеке кәсіпкерлер – 174, 18 – ЖШС.
Белсенді кәсіпкерлердің басымдық үлесі сауда-саттық қызметпен айналысады. Ауылда 51 сауда дүкендері, 4 қоғамдық тамақтану орындары, 2 жанар май пунктілері әрекет етеді.
2015 жылы Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде жаңа кәсіпорындар ашылды:
1. «Кенжетаев» ЖК қызмет аясын кеңейтіп, балаларға арналған тіс емдеу кабинетін ашты.
2. «ИКЕА ТАС ГРУПП» ЖШС диірмен кешенін ашты.
«Жұмыспен қамудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жеке ісін ашу үшін мемлекетпен 9 млн. Теңге қаражат құралдары бөлініп, 4 адам өз ісін ашты. Оның ішінде: 4 адам мал шаруашылығын дамыту үшін.
Округ аумағында «Смирновский элеватор» ЖШС астықты дайындайтын сақтайтын және кептіруді іске асыратын «Зенченко» ЖШС шағын элеваторы, «GLOBAL GRAIN» ЖШС және «ИКЕА ТАСС Групп» ЖШС, 3 наубайхана ( жеке кәсіпкерлер: Жигалов, Андамасов, Сторожко) өнеркәсіп кәсіпорындары әрекет етеді. Осы өндірістер тәулігіне 600 кг астам нан өнімін өндіреді, тұрақты жұмыс орындарымен – 27 адамды қамтыды.
Бюджет және салықтар
2015 жылы Смирново ауылдық округімен жергілікті бюджетке 376453 теңге сомасында салық және төлемдерді жинау қамтамасыз етілді. Оның ішінде жеке мүлік 170724 теңге, жер салығы 205729 теңге.
Тұрғын үй құрылысы
Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 2015 жылы жоспар бойынша 710 ш.м тұрғын үй салынды. Жоспар 100% орындалды.
2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 5 тұрғын үй, бір 18 пәтерлік үй салу жоспарланып отыр.
Жолдардың дамуы
Ауылішілік (Смирново ауылы) жолдары – 60,81 км құрайды.
Ағымдағы жылы «Аймақтардың дамуы» бағдарламасы бойынша Кирова, Лермонтова және Фабричныйтұйық көшесінде тас төселіп, 12,7 мың теңге соммасына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Казпако» ЖШС күшімен Северный және Горький көшелері бойынша гравий топырағын себу бойынша жұмыстары жүргізіледі.
Ауыл іші жолдарын «Петропавл Норд» ЖШС және «Камкор Аккайын» МҚК қызмет көрсетеді.
Байланыс жүйесі
Смирново ауылында окрцг тұрғындарын қанағаттандыратын байланыс жүйесін «Қазақтелеком» АҚ, пошта, телеграф қалааралық байланыстың қалааралық автоматтандырылған түрін «Казпочта» АҚ қызмет көрсетеді.
18.12.2014 жылға телефон нөмірі барлығы 2113 бірлік, жеке тұлға 1788 бірлік, заңды тұлғалар 325 бірлік. Интернетке 968 жаңа абонент қосылды.
Мектептер 100 % телефондалған, интернеттелген 100 %.
ID TV қазметке -220 абонент, «Отау ТВ» -519 абонет қосылған.
Энергетика
Смирново ауылында электр қуатын бөліп таратын АҚ СК РЭК (Аққайын РЭС).Электр қуатымен қамтамасыз ету тұрақты жүргізіледі. Бар энергетикалық жүйелер энергоресурстарындағы экономиканың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Халықты тұрмыстық газбен қамтамасыз ету «Рока» ЖШС газ уческесімен іске асырылады. Тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету « Альянс Жолы» ЖШС , «Симаргл» ЖШС- мен іске асырылады.
Транспорт
Смирново ауылы темір жол стансасы болып есептеледі және Петропавл қаласымен темір жол арқылы байланысты жасайды. Темір жол стансасы арқылы Смирнова ауылын Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы қалаларымен жалғастыратын алыс жерге жеткізетін 8 қосалка поезддер өтеді.
Аудан халқын тасушы автобус қарым қатынасы жақсартылған, оны «Петропавл Норд» ЖШС жүзеге асырады. Ауыл тұрғындарын жеке тасымалдау үшін 9 автокөлік-таксилер жүреді. Кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысшылары үшін «Смирново элеваторы» ЖШС, «Аққайың РЭС», ЛЭП-500 адамдарды тасымалдау ұйымдастырылған, оқу мерзімінде Смирново ауылы ішінде бағыттық автобус жүреді.
Банк саласы
Округте банк құрылысын ұсынады: «Аққайын» селолық несие серіктестігі, «Қазақстан халық банкі» АҚ Аққайын филиалы, «Казпочта» СҚО Аққайын филиалы. «Халық банкі» АҚ ғимаратында 2 банкомат, 6 қызмет көрсететін терминал орналастырылған. Терминалдар ХҚКО ғимараттарында, «Даяна», «Наурыз», «Надежда», «Оазис», «Горячий хлеб» дүкендерінде орналастырылған.
Денсаулық сақтау
Біздің округте емдік жүйесін 95 орынға, тәулік бойы стационарға арналған 58 орын, күндізгі стационар 20 орын, емхана жанындағы 17 орыны бар аудандық орталық ауруханасы ұсынады, 6 дәріхана, оның ішінде әлеуметтік дәріхана әрекет етеді.
Тұрғындарға медициналық көмекті 28 дәрігер және 79 орта медициналық персонал көрсетеді.
Білім
Бүгінгі күні округте үш мектеп әрекет етеді, онда 689 оқушы білім алады, оның ішінде №3 мектеп ме,млекеттік тілде білім береді, сонымен қатар (СМ №2) жанында мемлекеттік тілде білім беретін сыныптар ашылды.
Мектеп-интернатта (СМ №3) 35 оқушы тұрады.
№1 Смирнов орта мектебі жанында және №3 Смирнов орта мектебі жанында 80 орынға арналған шағын орталықтар әрекет етеді.
Смирнов ауылдық округі аумағында «Аққайың ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» әрекет етеді.
Смирнов №1 және №3 мектептерінде жаңа пештер орнатылған. («Сапро-НАТ» ЖШС).
Смирнов №3 мектебінде төбені күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді, 39 халықтық терезе орнатылған, мектеп айналасы жөнделді.Округ аймағында 3 мектеп әрекет етеді, 620 оқушы білім алады, соның ішінде мемлекеттік тілде – 1.
Мектеп-интернатта (№3 ОМ) ауданның басқа елді мекендерінің 29 оқушы тұрады. Барлық мектеп интерактивтік тақта және компьютермен жабдықталған.
«Балапан» балабақшасы жұмыс істейді – 140 орынды. 7 топ, оның ішінде 2 топ: 2 балабақша орта, 2 төмен топта орысша-қазақша, 1 топ бүлдіршіндерге арналған 1-3 жасқа дейін.
Мәдениет
Аудан орталығында аудандық Мәдениет үйі, аудандық кітапхана, балалар кітапханасы мен мұражай әрекет етеді.
Округте ардагерлер шығармашылық ұйымы, фольклор ансамбльдері, қазақ ансамблі және «Меруерт» би ұжымы бар.
Ел Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Отбасы күні» мерекесі өткізілді. Бұл мерекенің мақсаты- отбасылық құндылықты, тәлім-тәрбиені және рухты нығайту.
Спорт
Смирново ауыдық округінде спорт және денешынықтыру Бағдарламасы бекітілген, спорттың материалдық техникалық базасы нығаюда.
Аулалық клуб әрекет етеді, онда 701 адам шынығады, 15 спорт түрі бойынша оқушылармен жұмыс істейтін 36 жаттықтырушы бар.
Балалар жасөспірім спорттық мектепте спорттың 10 түрі бойынша 354 оқушы жаттығады, балалар жасөспірім спорттық мектеп тәрбиеленушілері хоккей және ауыр атлетика бойынша облыстық жарыстардың бірнеше рет жүлдегерлері.
Ағымдағы жылы Смирново селолық округінің 255 окушысы республикалық, облыстық және аудандық спорт сайыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Стадион ауласында және СМ№3 аумағында хоккей қорапшалары орналастырылған.
Абаттандыру
2015 жылы көшелерге 32 банерді ілу бойынша жұмыстары жүргізілді. Үш айлық мерзімінде абаттандыру бойынша келесі жұмыстары жүргізілді:
- аумақтың экологиялық дамыту жұмысшыларының күшімен 4 шөп шапқыш сатылып алынды және аудан ортаығында шөп шабу жұмыстары жүргізілді.
- көшелерді арамшөптерден және қоқыстан тазартып шығару жұмыстары барлық ұйымдармен бекітілген көшелерге тиісті жүргізілді;
- село пункті көрсетілімі жөнделіп жанартылды;
- 3 апатты қоқыс төгу орындары жойылды;
- барлық ҚТҚ полигонының жұмыстарының барлық түрлерімен «Қамқор-Аққайың» МҚК және Смирнов ауылдық округі айналысады;
- 271 тонна қоқыс шығарылды;
- елді мекен көрсеткіші жөнделіп қалпына келтірілді;
- ағаштар мен бағаналарды әктеу жұмыстары жүргізілді;
- балалар аулалары, шығу аркасы, стелла сырланып, боялды;
- ҰОС мемориалының жөндеу жұмыстары жүргізілді;
- 2000 түп гүл отырғызылды;
- қосымша 30 көшені жарықтандыру шамдары орнатылды, оның ішінде 30 (энергия өнімдейтін жарықдиодттық шамдар).
- Жұмабаев, Южный, Северный, тың игерудің 25 жылдығы, Горький, Сырғабеков, Жамбыл, Народный, 9 май, Имаков, Пушкин, Панфилов көшелері бойынша көветтерді тереңдету бойынша жұмыстары жүргізілді.
Демографиялық жағдай, еңбек нарығы, әлеуметтік қорғаныс
2015 жыл жағдайы бойынша Смирново селосының тұрғындарының саны
5818 адамды құрайды. 2015 жылдың ағымында 74 бала туды, 116 адам қайтты, 88 адам келді,70 адам кетті. Табиғи шығынның сальдосы 55 адам кем құрайды.
Округте 1 Ұлы Отан соғысы ардагері, 1 соғыс ардагерінің зайыбы,
5 интернационал жауынгер, 408 мүгедек, 27 көп балалы отбасы және 1176 зейнеткер тұрады.
Округ бойынша экономикалық белсенді тұрғындар – 3088, ал өзін жұмыспен қамтамасыз еткендер саны – 1645 адам.
Жыл ағымында 450 жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 286 тұрақты жұмыс орындары.
Жастар тәжірибесі арқылы 7 адам жұмысқа орналастырылды.
Ресми тіркелген жұмыссыздықтың саны Смирнов экономикалық белсенді тұрғындарының санынан 0,4 пайызды құрайды. Кәсіби оқуға 16 адам бағытталды.
2014 жылғы 20 желтоқсандағы жағдайға 5 отбасы МӘК алды (19 алушы), және мекежайлық көмек соммасы 350100 теңгені құрайды, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік көмекті 23 отбасы алады (58 алушы) соммасы 644300 теңгені құрайды.
60 мектеп оқушылары тегін ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілді.
Соғыс және еңбек ардагерлеріне қамқорлық
Округ бойынша 18 әлеуметтік жұмыскерлер 87 зейнеткерлерге бекітілген. Ұйымдар басшыларына бекітілген жалғыз тұратын
22 зейнеткерге отын (ағаш-көмір) және азық-түлік тағамдармен көмек көрсетілді.
Округте 17 туысы жоқ зейнеткер тұрады, оларға ұдайы көңіл бөлініп көмек көрсетіп отырылады.
Жыл сайын Смирнов ауылдық округте қаттар мен мүгедектерді қолдау бойынша айлық өткізіледі. Бұл күн Қазақстанның гүлденуі мен дамуы үшін өзінің алтын жылдарын арнаған үлкен ұрпаққа дәстүрге байланысты адамгершілік және өз ризашылығын білдіру үшін мерекелік күнге айналды. Ауылда қарт адамдарды қолдау бойынша әр-түрлу іс-шаралар жоспарланған. 13.09.2014 жылы қарттар және мүгедек күйіне арналған сеңбілік өтті. Оған 46 мекеме және жұмыс орындары қатысты. Тапқан табыс (қаражат) мүгедектер мен қарттардың жағдайын түзетуге жұмсалды.
Құжат айналымы бойынша 890 кіріс құжаттары тіркеліп, 173 шығыс құжаттар тіркелген. Жеке меншік шаруашылығы бойынша 15 анықтама берілді. 51 шешім қабылданып 143 өкім шығарылды. 189 жеке тұлғадан 107 және 82 заңды тұлғалардан өтініш түсті. 53 ветеринарлық анықтама және 229 ветеринарлық құжат берілді.
Есеп беру кезінде 9 ұсыныс және ескерту түсті, барлық мәселе толық шешілді.
2015 жылғы 30 қарашадағы «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауын жүзеге асыру мақсатында:
- «Сергиенко» ЖК қонақжай кешенінің қайта құрылысы 9 млн.теңге сомасына қайта құру;
- Труд, Амангелді, Жамбыл, Суворов, Панфилов, Молодежный және Октябрьский көшелерінің жолдарын жөндеу;
- округтің санитарлық тазалауы мен ауылды абаттандыру жұмыстары;
- «Бизнестің 2020 Жол картасы», «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
- қысқы кезеңде жолдарды ұстау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және т.б.
Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты қойылған мақсаттарды шешу үшін барлық күш-жігерін салады.