Меню

Страницы

Статья

«2014 жылғы селолық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» Смирново селолық округі әкімінің есеп беру баяндамасы

Құрметті жерлестер!
Қайырлы күн! Біздің кездеуіміздің қатысушылары 2014 жылы істелген жұмыс үшін есеп беруіме рұқсат етіңіздер.
2014 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес дәстүрлі түрде барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындардың алдында есеп  беруінен басталады. Олардың мақсаты – тұрғындарды елде өткізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық модернизация мен саяси демократизация туралы ақпараттандыруды арттыру.
Жаңа жетістіктерге еліміз үшін бағыт беретін 2014 жылы маңызды бағдарламалық құжат болып Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбишұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты Жолдауы болды.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат бірінші кезікте, жұмыс істей алмайтын тұлғалардың өмір әрекетін жақсартуына бағытталған, бірақ бұл оларды ынталандырмауы қажет.

Ауылшаруашылығы

Округте малөжайы бар 429  үй бар.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы  бойынша округте 655 бас ІҚМ, оның ішінде сиырлар – 222 бас, шошқалар – 247 бас, ешкі мен қой – 644 бас, жылқылар – 79 бас.
Бүгінгі күні селолық округтегі жердің ауданы 2596 гектар, онын ішінде жайылым – 2020 гектар құрайды. Ірі қара малдарды бағу ұйымдастырылған .

Кәсіпкерлік

Мемлекеттік басқармасымен Қазақстан халқына елбасының Жолдауында орта шағын бизнесті қолдау бойынша жаңа бағыттар қойылған.
Округ аймағында барлығы 203 орта және шағын бизнес субъектілер жұмыс істейді, оның ішінде жеке кәсіпкерлер – 193, 18 – ЖШС.
Белсенді кәсіпкерлердің маңызды үлесі саудасаттық әрекетте мамандырылады. Селода 54 сауда үйі, 5 қоғамдық тамақтану орындары, 5 жанар май станциялары.
2014 жылы жаңа кәсіпорындар ашылды:
Аудандық емхана – 250 бір сменада қабылдайтын.
Элеватор – ЖШС «ИКЕА ТАС Групп» 60 мың тонна астық қуаттылығы және 120 тонна ұн өндіру, 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Тіс жөндеу орталығы, 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Смирновский элеватор» ЖШС астықты дайындайтын сақтайтын, «Зенченко» ЖШС шағын элеваторы және ЖШС «GLOBAL GRAIN»   жұмыс істейді.
3 наубайха (жеке кәсіпкерлер Жигалов, Черезданов, Сторожко). Берілген кәсіпорындар 600 кг  астамнан өнімін шығарады, тұрақты жұмыспен 27 адамды қамтамассыз етеді. ЖК Жигаловтың наубайханасының жанында кондитер тағамдарын өндіру бойынша цех жұмыс істейді.
Кәсіпкерлер тығыз байланыс жұмыстар жүргізу  Смирнов селолық округінде әрі қарай жалғасады


Бюджет және салықтар

Өткен 2014 жылы Смирново селолық округімен жергілікті бюджетке 466053  теңге сомасында салық және төлемдер қамтамасыз етілді. Салықтар қимасында: жеке мүлік 228401 теңге, жер салығы 237652 теңге.

 

Тұрғын үй құрылысы

«2020 әлеуметтік бағдарлама бойынша Смирнов селолық округінде 2014 жылда 10 тұрғын үй салынды 777 шаршы метр, оның 6 тұрғын үйге 6 отбасы түсті, оның ішінде 3 үй  жетім от басына, 3-і  18 бен-29 арасындағы жастарға.  жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 2014 жылы жоспарланған 490 кв.м орнына 1194 кв.м. тұрғын үй салынды.
2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 5 тұрғын үй салу  және 18 пәтерлі  екіқабатты үй салу жоспарланып отыр..

Жолдардың дамуы

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Мира, Октябрьская, Южная көшелеріне тас төселіп орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Аймақтардың дамуы» бағдарламасы бойынша Жумабаева, Элеваторная, Горький қөшелері жолдары бетондалған асфальтпен жөнделді.
2015 жылы  «Аймақтардық дамуы» бағдарламасы бойынша  Кирова, Лермонтова және Фабричный бұрылысында орта  жөндеу жұмыстары жүргізілуді.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Суворова көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Титова, Труда, Панфилова, Молодежная, Северная көшелері жолдарына ұсақ тастар төселіп тегістелді.

Байланыс жүйесі

Смирново селосында байланыс жүйесі пошта, телеграф қалааралық байланыстың қалааралық автоматтандырылған түрі бар «Қазақтелеком» АҚ, «Казпочта» АҚ өкілеттелген.
18.12.2014 жылға телефон нөмірі барлығы 2113 бірлік, жеке тұлға 1788 бірлік, заңды тұлғалар 325 бірлік. Интернетке 968 жаңа абонент қосылды.
ID TV  қазметке (интерактиялық телевидение) қосылған 206 абонент.
Мектептер 100 % телефондалған, интернеттелген 100 %.

 

Энергетика

Смирнов селосына электр қуатын толық қамтамасыз ететін АҚ СК РЭК (Аққайын РЭС). Көшелерге электр қуатын жалғау және жағу жұмыстарын ЖШС «Сев.Каз.Энерго» айналысты. Тұрмыс газбен ЖШС «Рока» тұрғын халықты қамтамасыз етті, отын-көмірімен ЖШС « Альянс Жолы», ЖШС «Симаргл».

Транспорт

Смирнов селосы темір жол станциясы болып есептеледі. Петропавл қаласымен қарым-қатынас жасайды. Станция арқылы 8 қосалка поездар өтеді, Смирнов селосын Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы қалаларымен жалғастырады.
Автобус қарым-қатынасы 17 ауыл мекендермен қатынасады. ТОО «Петропавловск-Норд» ұйымдастырған жекемешік азаматтарға село ішінде 9 авто-такси жүреді. Мекеме жұмысшыларына ТОО Смирновский элеватор, Аққайын РЭС, ЛЭП-500 автобус қарым-қатынас жасайды.
Оқу жылы басталуымен Смирново ауылы ішінде маршруттық автобус жүреді.

Банк саласы

Округте «Аққайын» селолық несие серіктестігі, «Қазақстан халық банкі» АҚ Аққайын филиалы, «Казпочта» Аққайын СҚОФ, «Евразиялық банк» филиалы банк жүйесінің құрылымы болып табылады.
АО «Халық банкі» мекемесінде 2 банкомат, 6 терминал орналастырылған.

Емдеу жүйесі

Біздің округте 95 орынды орталық аурухана және 6 дәріхана ұсынады. Тэулік бойынша 75 орын, күндізгі бөлім 20 орын жатқызуға ұйымдастырылған
Смирново селосында тұрғындарға медициналық көмекті 24 дәрігер және 76 орташа медициналық жұмыскерлері көрсетеді.

Білім

Округ аймағында 3 мектеп әрекет етеді, 620 оқушы білім алады, соның ішінде мемлекеттік тілде – 1.
Мектеп-интернатта (№3 ОМ) ауданның басқа елді мекендерінің 29 оқушы тұрады. Барлық мектеп интерактивтік тақта және компьютермен жабдықталған.
Смирново 3 орта мектебінде 40 балаға арналған кіші орталық балабақша жұмыс істейді – 40 орындық.
Ағымдағы жылы Смирново №1 орта мектебінде  40 балаға арналған кіші орталық балабақша ашылды – 40 орындық.       
Балабақша «Балапан» жұмыс істейді – 140 орынды. 7 топ, оның ішінде 2 топ: орысшы-қазақша оқулық дайындау, 2 балабақша орта, 2 төмен топта орысша-қазақша, 1 топ ең кіші балалар.

 

Мәдениет

Мәдениет ұйымдарынан селода аудандық мәдениет үйі, балалар кітапханасы жұмыс істейтін аудандық кітапхана жұмыс істейді.
2014 жылы аудандық кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді 27 220 мың  тенгеге.
Оқырмандар конференциясы, оқиғалардың  қатысушыларымен жас оқырмандардың кездесулері өткізіледі. Репрессияланған азаматтармен кездесулер өткізу дәстур болды. Соғыс ардагерлерімен, Ленинград блокадасында қатысушыларымен, Жеңіс күніне арналған, алғаш тыңшыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» аналарымен кездесулер өткізіледі. Аудан тарихының мұражайы ресімделді.
Округте ардагерлер шығармашылық  ұйымы, көңілді клуб, хор, фольклор ансамбльдері, ардагерлер хоры, қазақ ансамблі және би кружоғы «Меруерт» жұмыс істейді.
Ел Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Отбасы күні»  мерекесі өткізілді. Бұл мерекенің мақсаты- отбасын нығайту, бағалау.

Спорт

Смирново селолық округінде спорт және денешынықтыру Бағдарламасы бекітілген, спорттың материалдық техникалық базасы нығаюда.
Денешынықтырудың 6 үйірмесі, орталық стадион, 3 спорт зал, хоккей корты және 4 жазық құрылыс жұмыс істейді.
Селода аулалық спорт клубы жұмыс істейді, онда 15 секция ұйымдастырылып 695 балалар  қатысады.
Балалар жасөспірім спорт мектебінде спорттың 9 түрінен 373 бала шынығады.
Ағымдағы жылы Смирново селолық округінің 255 окушысы республикалық, облыстық және аудандық спорт сайыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болды.

 

Абаттандыру

2014 жылы көшелерге 33 билборд  ілініп абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді:
- село пункті көрсетілімі жөнделіп жанартылды.
- көшелер қоқыстан тазаланды Титова ( 1,2 км), Амангельды (2,2 км), Горького (1,8 км), 9 Мая (1,5 км), Гагарина (1,1 км), Пушкина (1.5 км), Зеленая (2,5 км), Народная (1,1 км), Северная (1 км), Мира (0,8 км), Суворова (1,8 км), Молодежная (0,7 км), Элеваторная (0,45)Переулок Фабричный (0,2 км), Кирова (1 км), 25 лет Целины (2 км) барлығы ұзындығы 20,8 км. Аудан әкімі бекітілген тізімі бойынша барлық мекемелер қатысты.
- Титова,Панфилова,Жұмабаева және Молодежная  көшелеріне құмды – тас материалдар төселді.
- абаттандыру жұмысшыларымен 3 қатерлі қоқыс орындары жойылды:
- 25 лет Целины, зеленая, Горького, Титова көшелеріне 1377 қөшеттер отырғызылды.
-Горький көшесінле билборд орнатылды.
-балалар алаңы, стелла және кіре беріс арка сырланды.
- Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Зеленая көшесінде 2 ескерткіш және оның қоршауы жөнделіп ақталды. Офис, мектеп, аурухана мекемелері жөнге келтірілді.
- Кирова және Народная көшелеріндегі фонарлар жарық үнемдеу фонарларына ауыстырылды..
- Смирнов селосын абаттандыру және тазалау жөндеу бойынша  жоспар құрылды.
- «Балапан» балабақшасының тұрағына  инертті материал төселді.
- Джамбула және Линейная көшелеріне су ағатын құбырлар орнатылды.
- Абая көшесіндегі қоқыс тастайтын жер тазаланды.

Демографиялық жағдай, еңбек саудасы, әлеуметтік қорғаныс

2014 жыл жағдайы бойынша Смирново селосының тұрғындарының саны 5817 адамды құрайды. 2014 жылдың ағымында 72 бала туды, 127 адам қайтты, 120 адам келді, 83 адам кетті. Табиғи шығынның сальдосы минус 55 адамды құрайды. Осы округ тұрғындарының санының азаюына ықпал етеді.
Округте 3 соғыс ардагері, 1 соғыс ардагерінің зайыбы, 5 интернационал жауынгер, 408 мүгедек, 27 көп балалы отбасы және 1176 зейнеткер тұрады.
Округ бойынша экономикалық белсенді тұрғындар – 3088, ал өзін жұмыспен қамтамасыз еткендер саны – 1645 адам.
Сапалы өмірдің негізгі көрсеткіш халықтың әлеуметтік әлсіз қабаттарын қорғалуы және еңбек ақының көлемі. Жұмыссыздықты және кедейлікпен күресу бағдарламасын орындау бойынша ағымдағы жылда айқын жұмыстар жүргізілді. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 16 адам құрады. 2014 жылы қоғамдық  жұмыстарда 122 адам істеді. Қайта оқытуға 14 адам жіберілді. Ағымдағы жылы 315 адам жұмысқа орналастырылды.
Жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмекті 9 отбасы (40) адам, тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің сомасы 860,4  теңге, 2010 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек үшін жүгінгендер саны азайғаны атап өту қажет. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алған бар отбасы – 22 (54) адам, берілген жәрдемақы көлемі 748,5 мың  теңге.
59 оқушыға лагерьге жолдама берілді. 52 оқушы үшін мектептерде ақысыз ыстық тамақ ішеді. 
«Молодежная практика» бағдарламасы бойынша 6 адам жұмысқа орналасты.

Соғыс және еңбек ардагерлеріне қамқорлық

Округ бойынша 19 әлеуметтік жұмыскерлер 88 зейнеткерлерге бекітілген. Ұйымдар басшыларына бекітілген жалғыз тұратын 22 зейнеткерлерге  отын (ағаш-көмір) және азық-түлік тағамдармен көмек көрсетілді.
Округте 17 туысы жоқ зейнеткер тұрады, оларға ұдайы көңіл бөлініп көмек көрсетіп отырылады.
13.09.2014 жылы қарттар және мүгедек күйіне арналған сеңбілік өтті. Оған 46 мекеме және жұмыс орындары қатысты. Тапқан табыс (қаражат) мүгедектер мен қарттардың жағдайын түзетуге жұмсалды.
50-55-60 жыл бірге тұратын 3 отбасын  аудандық Мәдениет үйінде марапаттады, оларға 39,2 мың тенге сомасында сыйлықтар берілді.
Смирнов селосының қарттар және мүгеліктер жалпы интернат үйінде (222 адам) көркім өнерпаздар ұйымдастырған концерт өткізілді.
Округ ұйымдары және жеке кәсіпкерлер 954 зейнеткерге 1758 мың тенге көлемінде азық-тұлік пакеттерін және ақшалай сыйлықтар берілді.
Әкімде 56 адам қабылданып қойылған сұрақтарға және басқа да жұмыстарына толық жауап алынды.
Кіріске 397 құжат, шығысты 336 құжат болды. Жеке меншікті шаруашылығына 15 анықтама берілді. 76 шешім қабылданып 73 қаулы шығарылды. 228 жеке тұлға және заңды тұлғалардан өтініш түсті. 53 ветеринарлық анықтама және 229 ветеринарлық құжат берілді.
Есеп беру кезінде 16  ұсыныс және ескерту түсті, барлық  мәселе  шешілді.

 

Ауыл  әкімі                                               Е. Остертак

Дата публикации
20 декабря 2023
Дата обновления
20 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

11 марта 2024
"Ауыл аманаты" жобасы
11 марта 2024
Әлеуметтік-экономикалық даму
11 марта 2024
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы