ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

 

Смирново а.                                                                         2026 жыл 16 қыркүйек

                         

КІРІСПЕ БӨЛІМ                                           

 

Смирново ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 08 шілдедегі "Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты "КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" № 74-ө өкімі негізінде.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 07 қыркүйектен 11 қыркүйекке дейін жүргізілді.

Ішкі талдаумен "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ 2025 жылғы 01 шілдеден 2025 жылғы 01 қыркүйекке дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.

Смирново ауылдық округінің әкімінің м.а Ә.А. Кәрібаев, мамандар А.Х. Аманжарова Смирново ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, З.С. Бердалина Смирново ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы-бухгалтері, Д.А. Балташева Смирново ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы,  Г.С. Бегжанова Смирново ауылдық округі әкімінің аппаратының жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі бас маманы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген Смирново ауылдық округі әкімінің мамандары.

 

"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ СМИРНОВО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ" КММ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ, ІШКІ ҚҰЖАТТАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

Қызметтің ішкі талдау барысында нормативтік-құқытық актілер мен ішкі құжаттар зерделенді: Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты"  КММ ережесі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдары, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидалары мен стандарттары.

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

 

"СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ СМИРНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ" КММ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

Персоналды басқарумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

Талдау барысында әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 6 бірлікті құрайтыны, штат жасақталғаны анықталды.

Талданатын кезеңде ауысымдылық 1 бірлікті құрайды.

Лауазымын төмендету болған жоқ.

Персоналды басқару жөніндегі қызметке ішкі талдау жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшілердің жеке істері зерделенді:

Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған қызметкерлер жоқ.

Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.

Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау жағдайларына жол берілмейді.

Оқудан өту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мерзімдері мен тәртібі сақталады.

Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) анықталған жоқ.

Мамандар лауазымдық міндеттерімен уақтылы танысты.

Тексерілетін кезең ішінде командалық қозғалыстар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері шектеулер қабылдады, қызметшілер мен олардың жұбайлары қаржылық бақылау шараларын іске асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.

 

Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 1 (бірлік).

Тәуекел атауы-мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысы.

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 6 бекітілген тізбе мен қағидаға сәйкес мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алуға кезекке қою», «Жер учаскесін біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы жеке меншікке сату», «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту».

Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметіне талдау жүргізу барысында есепті кезеңде 3 мемлекеттік қызмет көрсетілгені анықталды «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 20, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 3, «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 6, «Жер учаскесін біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы жеке меншікке сату» - 1 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін алуға берілген өтініштер бойынша жекелеген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешімдер қабылданған.

Бас тартуға Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормалары, оның ішінде жер учаскелерін беру үшін тиісті негіздер мен тәртіпті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген шектеулер мен талаптарды көздейтін 19, 26, 43, 109-баптары және 62-бабының 3-тармағы негіз болған.

    Салалық заңдар мен заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер арасында Заңды әкімшілік кедергілердің, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздердің, көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің, мемлекеттік қызметтер белгілері бар функциялардың болуы анықталған жоқ.

          Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметке ішкі талдау жүргізу кезінде анықталған жоқ:

- қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері;

- Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің болуы;

- стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету;

- Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестерінің стандарттарға сәйкес келмеуі;

           Азаматтардың өтініштерін қоса берілген құжаттар топтамасымен талдау кезінде:

- қабылданған шешімдерге шағымдану рәсімдерінен бас тартуға негіз жоқ

анықталды;

- нормативтік құқықтық базада заңды қайшылықтар анықталған жоқ;

- дискрециялық өкілеттіктер мен әкімшілік кедергілер

рұқсат беру құжаттарын (жер пайдалану құқығын беру туралы шешімдерді) беру анықталған жоқ.

 Ұсыныс:

"Е-лицензиялау" электрондық жүйесін интеграциялау бойынша аудан әкімі аппаратына ұсыныс дайындау, аппарат қызметкерлері "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен қағидаларының талаптарын тұрақты негізде сақтауы қажет.

 

Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

 

Ауылдық округ әкімі рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

 

Бақылау функциясын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

 

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Сондай-ақ құқық тәртібін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізіледі.

 

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

 

Өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде округ аумағында тұратын азаматтардан салық төлемдерін (мүліктік, жер және көлік) уақтылы жинауға жауапты әкім аппаратының қызметкері салық төлеушілермен жеке байланыста болады, көбінесе салық төлеушілер салықтарды тікелей ауылдық округ аппаратында маман арқылы төлеуді ұсынады, бұл заң нормаларына қайшы келеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелі ұғымына жатады.

Ұсыныс:

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі бас маманға түсіндіру іс-шараларын жеке өзі де, бұқаралық ақпарат құралдары, ауылдық округ әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсы арқылы да тұрақты негізде жүргізу қажет. Қосымша аудандық "Колос" және "Аққайдың" газеттерінде барлық деректемелерді көрсете отырып, салықтарды (мүліктік, жер, көлік) төлеу тәртібі мен мерзімдері туралы түсініктеме жариялансын.

Қаржы-шаруашылық қызметте анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында ауылдық округ әкімінің аппаратымен ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету және бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны анықталды.

Заңнамаға сәйкес ауылдық округ үшін жұмыстарды, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бойынша бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алудың жылдық Жоспары бекітілді, ол әкім аппаратының ресми сайтында, электрондық веб-порталда жарияланады.

Бекітілген Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына 2 реттен артық жүргізілмейді.

Барлық шарттарға қол қойылып,орындалды.

Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың үлестестігі анықталған жоқ.

Мемлекеттік орган басшысының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

Ұсыныс:

Бас маман Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

 

Анықталған жасырын мемлекеттік қызметтер саны 0 (бірлік).

 

Жасырын мемлекеттік қызметтер жоқ.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

Аппарат қызметкерлері "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тұрақты негізде сақтауы қажет;

Бас маманға аппарат қызметкерлері арасында Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері және өтініштерді қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Бас маман өтініштермен жұмыс істеу кезінде "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтауға міндетті;

Бас маман Мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығына тұрақты негізде бақылау жүргізсін.

 

 

 

 

 

 

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

                     

Округ әкімінің м.а Ә.А. Кәрібаев ____________________

 

Бас маман А.Х.Аманжарова ____________________________

 

Бас маман Д.А.Балташева ______________________________

 

Бас маман З.С. Бердалина _____________________     

 

Жергілікті өзін-өзі басқару

жөніндегі бас маман Г.С. Бегжанова ___________________________                                                                  

 

 

 

Таныстым: Округ әкімінің м.а Ә.А. Кәрібаев _____________                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2026