Қызметті көпшілік алдында талқылау
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
мемлекеттік қызмет көрсету саласында
Әкім аппараты тізілімге сәйкес 2025 жылы «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату» 3 мемлекеттік қызмет көрсетті. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беруге 4 өтініш келіп түсті, олар бойынша бас тартулар шығарылды. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 1-тармағына сәйкес: кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Осы баптың ережелері құрылыс мақсаттары үшін кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін сұраған кезде осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағында көзделген айрықша жағдайларға қолданылады.
Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес:
Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға беру құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің келесі түрлерін көрсетеді:
Мемлекеттік қызметтер саласында өзгерістер болды, бүгінгі күні 6 қызметтің 3-і: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату», «Жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту», жаңа портал арқылы көрсетіледі. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» Е-лицензиялау арқылы да, бұрын да көрсетіледі, «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» өтініш ХҚКО-да қабылданады, «Жер учаскесін алуға кезекке қою» Е -гов.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс – шараларының саны-33.
Әкім аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық брошюралар тарату бойынша жұмыс жүргізілді. Барлығы 2383 брошюра таратылды.
Тұрғындар «Азаматтарға арналған үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға көмек сұраған кезде маман мемлекеттік қызметтер порталында жұмыс істеу дағдыларына оқытуды жүргізеді. 2025 жылы барлығы 132 адам оқыды.
2 тоқсанда әкім аппаратының маманы ватсап арқылы жер қатынастары саласында әкім аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы бейнеконференция өткізді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің бұзылуына жол бермеу және Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сауаттылығын арттыру мақсатында әкім аппаратының қызметкерлерімен 7 іс-шара көлемінде аппараттық оқу жүргізілді.
2 тоқсанда әкім аппаратының маманы ватсап арқылы жер қатынастары саласында әкім аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы бейнеконференция өткізді.
2018 жылдың ақпан айынан бастап әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ұйымдастырылды, бұл халыққа бір реттік парольмен, ЭЦҚ-мен өз бетінше немесе маманның көмегімен Мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. 2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету алаңы арқылы 196 түрлі мемлекеттік қызмет алуға жәрдем көрсетілді.
Бүгінгі таңда халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы қызметтерді жедел алу және өмірлік маңызды жағдайларды шешу үшін өте қажет және қажет болып шықты. ЭЦҚ, түрлі жәрдемақылар, Мұрағаттық анықтамалар және т.б. округтен тыс жерлерге шықпай-ақ ресімдеуге болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.