«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымға орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман-бухгалтерЕ-G-3 санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін (210 086).
Негізгі функционалдық міндеттері:
Ауылдық округі әкімі аппаратының қаражатын мақсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асыру, Бас кітапты жүргізу, шығыстар сметасын жасау, бухгалтерлік өткізулерді жинақтау, қаржы жылына бюджеттік өтінімді жасауға қатысу, қазынашылықтың аумақтық органдары арқылы жүргізілетін операцияларды есепке алу, шығыстар сметасын орындау және бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалану бойынша қаржы басқармасымен өзара іс-қимыл жасау. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджет қаражатының шығыс, кіріс бөлігіне мониторинг жүргізу бойынша округтің жергілікті қоғамдастығының жұмысын ұйымдастыру. Округтің жергілікті қоғамдастығының жиналыстарын және жиындарын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады. «ПарусКАЗ бюджеттік қаржыландыру» базасымен жұмыс. Тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, қазынашылық органдарында тіркеумен сатып алу шарттары мен хаттамаларын рәсімдеу. Мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс. Қазынашылық органдарына, мемлекеттік кірістер басқармасына, статистика басқармасына бухгалтерлік есеп бойынша есептер жасау. Өз құзыреті шегінде округ әкімімен жүктелген және қолданыстағы заңнамамен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.