Полтавка а. 2022 жылы 26 сәуір
Төрағалық етілді:
О.Н.Семенюк Полтавка ауылдық округінің әкімі
Қатысқандар: Полтавка ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты іс жүргізу жөніндегі бас маман, ауылдық округі әкімінің мамандары, ауылдық округ тұрғындары. Барлығы 59 адам
КҮН ТӘРТІБІ
2021 жылғы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
1. Есеппен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты іс жүргізу жөніндегі бас маман Г.Қ. Оспанова сөз сөйледі .
Есеп қорытындысы бойынша, қатысушылардың ешқандай сұрақтары болмады.
Осы Есепті жария талқылағаннан кейін келесі ұсыныстар берілді:
1.Мемлекеттік қызмет көрсететін маманға келесі тапсырмалар берілді:
- электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру;
- мобильді қосымшаларды, сондай-ақ азаматтарды толыққанды ақпараттандыру үшін ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерді электрондық алуды насихаттауды күшейту;
- ауылдық округ әкімінің сайтында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты уақытылы жаңарту;
- электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін парақшалар, буклеттер таратуға.
Мерзімі: тұрақты
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңды, бекітілген стандарттар және онда енгізілген өзгерістерді мұқият зерделеу.
- стандарттарына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету.
Мерзімі: тұрақты
Осы хаттаманың орындалуын бақылау - мемлекеттік қызмет көрсететін іс жүргізу жөніндегі бас маман Г.Қ.Оспановаға берілді.
Полтавка ауылдық
округінің әкімі О.Н. Семенюк