Полтавка а. 2020 жылы 18 маусым
Төрағалық етілді:
О.Н.Семенюк Полтавка ауылдық округінің әкімі
Қатысқандар: Полтавка ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты іс жүргізу жөніндегі бас маман, мемлекеттік органның мамандары, жергілікті қоғамдастық жиналысының қатысушылары. Барлығы 26 адам
КҮН ТӘРТІБІ
2019 жылғы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
1. Есеппен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты іс жүргізу жөніндегі бас маман Г.Қ. оспанова сөз сөйледі .
Есеп қорытындысы бойынша, қатысушылардың ешқандай сұрақтары болмады.
Осы Есепті жария талқылағаннан кейін келесі ұсыныстар берілді:
- «Электрондық үкімет порталы» арқылы электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің «электронды түрде ұсынылатын қызметтердің жалпы санынан үлесі» жоспарлы көрсеткішінің орындалуын қамтамасыз ету - 2020 жылында әрбір қызмет үшін 80% кемінде;
Мерзімі: тұрақты
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңды, бекітілген стандарттар мен регламенттерді және онда енгізілген өзгерістерді мұқият зерделеу.
- стандарттары мен регламенттеріне сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету.
Мерзімі: тұрақты
Осы хаттаманың орындалуын бақылау - мемлекеттік қызмет көрсететін іс жүргізу жөніндегі бас маман Г.Қ.Оспановаға берілді.
Полтавка ауылдық
округінің әкімі О.Н. Семенюк