Меню

Страницы

Статья

2024-2026 жылдарға арналған Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет              кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес  Солтүстік Қазақстан облысы  Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округініңбюджеті  тиісінше осы шешімге  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай  көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 57796 мың теңге:

         салықтық  түсімдер - 6420 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 330  мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

         трансферттер  түсімі  - 51046 мың теңге;

         2) шығындар - 57796 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

         бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді  өтеу -  0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

         қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

         мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

         5-1) Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 0 мың теңге:

         қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

         қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің  кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

         1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

         дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

         қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;

         2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

         3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

         4) мыналардан:

         тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;

         өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

         5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

         аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

         аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;

         елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы;

         6) бірыңғай жер салыгы;

         7) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  1. Ауылдық округ бюджетінің  кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

         1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

         2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

         3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

         аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

         аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

         аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

         аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

         4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін.
  2. Аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне табысталған бюджеттік субвенция сомасы 51046 мың теңге көлемінде белгіленсін.
  3. Осы  шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні



Дата публикации
29 января 2024
Дата обновления
29 января 2024
Тип

Сейчас читают

26 февраля 2024
Бюджет
01 февраля 2024
«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды жеңілдету мақсатында бір реттік парольдің көмегімен қызметке тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған
01 февраля 2024
Әкімі аппаратымен 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2019 жылдың ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің саны

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы