«2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының
Полтавка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 54934 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2511 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 308 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 52115 мың теңге;
2) шығындар – 55978 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1044 мың теңге;
5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1044 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1044 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.