Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 26-3 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың  ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың  ауданы мәслихатының  «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка  ауылдық округінде бөлек  жергілікті  қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014  жылғы 25  шілдедегі  № 26-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 2921 болып тіркелген) келесі өзгерістер  енгізілсін:

көрсетілген шешімнің  кіріспесі  жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы                         6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген шешімнің  1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  Солтүстік Қазақстан облысы

                                                                         Аққайың  ауданы мәслихатының

                                                                              2023  _______________ 

                                                                                          № шешіміне 

                                                                                           қосымша

 

                                                               Солтүстік Қазақстан облысы

                                                                         Аққайың  ауданы мәслихатының

                                                                        2014 жылғы ­­­ 25  шілдедегі   № 26-3

                                                                     шешімімен  бекітілген

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың  ауданының  Полтавка  ауылдық округінде

жергілікті қоғамдастықтың  бөлек жиындарын өткізудің

қағидасы

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округіндежергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Полтавка ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік тәртібін белгілейді.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – Полтавка ауылдық округінің, ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Полтавка ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

 

 

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

 

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық Полтавка ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  3. Полтавка ауылдық округінің әкімі ауыл жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Полтавка ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Полтавка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Полтавка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Полтавка ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққайың ауданы мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
  2. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Полтавка ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

       2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

       3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Дата публикации
29 января 2024
Дата обновления
29 января 2024
Тип

Сейчас читают

26 февраля 2024
Бюджет
01 февраля 2024
«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды жеңілдету мақсатында бір реттік парольдің көмегімен қызметке тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған
01 февраля 2024
Әкімі аппаратымен 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2019 жылдың ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің саны

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы