Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 44-24 «2021-2023 жылдарға арналған Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына, 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
           1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының   «2021-2023 жылдарға арналған Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы  № 44-24 шешіміне (2021 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
          «1. 2021-2023 жылдарға арналған Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және  3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 191602,2  мың теңге:
   салықтық  түсімдер – 1664 мың теңге;
          салықтық емес түсімдер – 201 мың теңге;
          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
          трансферттер  түсімі – 189737,2 мың теңге;
          2) шығындар – 191781,2 мың теңге;
          3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
          бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
          бюджеттік кредиттерді  өтеу -  0 мың теңге;
          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
          қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
          мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
          5) бюджет тапшылығы (профициті) - -179 мың теңге;
          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
           - 179 мың теңге:
          қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
          қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 179 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
           2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
29 января 2024
Дата обновления
29 января 2024
Тип

Сейчас читают

26 февраля 2024
Бюджет
01 февраля 2024
«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды жеңілдету мақсатында бір реттік парольдің көмегімен қызметке тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған
01 февраля 2024
Әкімі аппаратымен 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2019 жылдың ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің саны

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы