Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2018 ж.10 шілдедегі №10 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде №4853 тіркелді
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка селолық округінің Лесные поляны селосы көшелеріне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка селолық округінің Лесные поляны селосы көшелеріне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1909 тіркелді, 2012 жылғы 1 қарашада аудандық «Аққайың» және «Колос» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбында және шешімнің мәтінінде, сонымен қатар шешімнің қосымшасында «селолық», «селосы» сөздері «ауылдық», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын;
тақырыбы, мәтіні және шешімнің қосымшасы орыс тіліндегі өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полтавка ауылдық округінің әкімі О. Семенюк
|
«КЕЛІСІЛДІ» |
|
«КЕЛІСІЛДІ» |