Меню

Страницы

Статья

ЖОБА «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка селолық округінің Лесные поляны селосы көшелеріне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 15 шешіміне өзгерістер ен

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы      21 қаңтардағы Заңы 1 бабы  2 тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка селолық округінің Лесные поляны селосы көшелеріне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 15 шешіміне (2012 жылғы  1 қарашада аудандық «Колос» және «Ақайың» газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 23 қазандағы № 1909 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасында, атауында, бүкіл мәтіні бойынша,  «селосы», «селолық»  сөздері «ауылы», «ауылдық»  сөздерімен сәйкесіне ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің   Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті»  Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы шешімнің мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің     ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне қосу үшін    оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және    орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының   филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы шешім ресми жариялағаннан кейін оны «Солтүстік    Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында    орналастыруды.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы
      Полтавка ауылдық округінің әкімі                                       О. Семенюк

 

 «КЕЛІСІЛДІ»
 «Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы  
_______________________ О. Плищенко
2018 жыл «____»________

 «КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөліімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы    
______________________  Б. Омаров
2018 жыл «____ » ________

Дата публикации
29 января 2024
Дата обновления
29 января 2024
Тип

Сейчас читают

26 февраля 2024
Бюджет
01 февраля 2024
«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды жеңілдету мақсатында бір реттік парольдің көмегімен қызметке тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған
01 февраля 2024
Әкімі аппаратымен 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2019 жылдың ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің саны

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы