«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңы 1 бабы 2 тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Полтавка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2018 жылдың 26 сәуірдегі Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссия қорытындысының нәтижесінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка селолық округінің Полтавка селосы көшелеріне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 13 шешіміне (2012 жылғы 1 қарашада аудандық «Колос» және «Ақайың» газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 23 қазандағы № 1910 тіркелген,) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасында, атауында, бүкіл мәтіні бойынша, «селосы», «селолық» сөздері «ауылы», «ауылдық» сөздерімен сәйкесіне ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы шешімнің мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы шешім ресми жариялағаннан кейін оны «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
Полтавка ауылдық округінің әкімі О. Семенюк
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_______________________ О. Плищенко
2018 жыл «____»________
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөліімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Б. Омаров
2018 жыл «____ » ________
ЖОБА
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
Полтавка ауылдық округі әкімінің
2018 жылғы ___ маусымдағы
№ шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
Полтавка ауылдық округі әкімінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 13 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы
Полтавка ауылдық округі Полтавка ауылы көшелерінің атауы
Бірінші көше – Кияшко көшесі
Екінші көше – Қазақстан Конституциясы көшесі
Үшінші көше – Урожайная көшесі
Төртінші көше – Молодежная көшесі
Бесінші көше – М. Жұмабаев көшесі
Алтыншы көше – Сәбит Мұқанов көшесі
Жетінші көше – Образцовая көшесі