|
№ р/с |
Айтылған ұсыныстар/ескертулер |
Ұсыныстарды/есертулерді жүзеге асыру бойынша орындалу мерзімі мен с-шаралар |
Жауапты |
Бақылау |
||
|
1 квартал 2020 года |
||||||
|
1 |
Полтавка ауылының қар қалашығынан қарды шығарады ма? |
Полтавка ауылының орталығынан қарды шығару бойынша жұмысын ұйымдастыру 2020 жылдың наурызы |
Семенюк Ольга Николаевна, |
Сарсымбаев Самат Қанатұлы, |
||
БЕКІТЕМІН
Аққайың ауданының әкімі
Р.М. Елубаев
2019 ж.
2020 жылдың қаңтар-ақпанында Аққайың ауданы бойынша
барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруінің
желілік кестесі
|
Әкімнің есеп беруі |
Қаңтар |
|||||||||
|
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
|||||
|
Аққайың ауданы ауылдық округ әкімдері |
|
|
Қиялы а/о, |
Григорьевка а/о, Көктерек а., С.О. Сәменовтың |
Шағалалы а/о, Степное а., бос уақытты өткізу орталығы, сағ.10.00 |
|
||||
|
|
|
Смирново а/о, |
Лесной а/о, |
Қиялы а/о, бос уақытты өткізу орталығы, сағ.10.00 |
|
|||||
|
|
|
Черкас а/о, |
Тоқшын а/о, негізгі мектеп, сағ.10.00 |
Черкас а/о, Добровольское а., негізгі мектеп, сағ.10.00 |
|
|||||
|
|
|
Тоқшын а/о, Тюменка а., ауылдық клуб, |
Аралағаш а/о, Рублевка а., Мәдениет үйі, сағ. 10.00 |
Смирново а/о, мектеп-гимназия, сағ. 14.00 |
|
|||||
|
|
|
Аралағаш а/о, Амангелді а., А.А. Сыздықованың жеке үйі, сағ.10.00 |
Григорьевка а/о, бастауыш мектеп, сағ.14.00 |
Астраханка а/о, |
|
|||||
|
|
|
|
Шағалалы а/о,
|
Власовка а/о, |
|
|||||
|
Аққайың ауданының әкімі |
||||||||||
|
Қаңтар |
||||||||||
|
20 дүйсенбі |
21 сейсенбі |
22 сәрсенбі |
23 |
24 |
25 |
|||||
|
Ивановка а/о,Ивановкаа., Үлгі а., |
Астраханка а/о, |
Аралағаш а/о, Аралағаш а., |
Тоқшын а/о, |
Черкас а/о, Черкасское а., |
||||||
|
Полтавка а/о, |
Смирново а/о, Смирново а., |
Лесной а/о, |
Григорьевка а/о,Трудовое а., Григорьевка а. ауылдық клуб, |
Қиялы а/о, |
||||||
|
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
01 |
|||||
|
Власовка а/о, |
|
|
||||||||
|
Шағалалы а/о, |
|
|
|
|
||||||
|
ақпан |
||||||||||
|
03 |
04 |
05 |
06 |
07 |
08 |
|||||
|
Аудан әкімінің қорытынды есеп беру кездесуі |
|
|
|
|
||||||
Құрметті Аққайың ауданының тұрғындары!
Аққайың ауданының әкімі Р.М. Елубаев бекітілген Желілік кестесіне келісті әр есепті кездесуден кейін азаматтарды қабылдауды өткізетінін хабарлаймыз.
Аққайың ауданы
әкімі аппаратының басшысы
М.Т. Дүйсембаева
2020 жылы елді мекендердегі бар мәселелер жөніндегі
халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жинауға арналған жәшіктерді
орналастыру ақпараты
|
№ |
А/о атауы |
Елді мекеннің атауы |
Орнатылған жәшіктер саны |
Жәшіктің орнатылған орны |
Сұрақтар мен ұсыныстарды жолдауға арналған электонды мекенжай |
|
1 |
Полтавка ауылдық округі |
|
4 |
|
|
|
|
|
Полтавка а. |
4 |
Ауылдық округі әкімінің аппараты, 1 қабат, фойе; Полтавка ОМ, 1 қабат, фойе; Полтавка ФАП, 1 қабат, фойе; " Ш.А. Баширова" ЖК дүкені |
|
|
|
|
Лесные Поляны а. |
0 |
|
|
|
|
|
Борки а. |
0 |
|
2020 жылы елді мекендердегібар мәселелер жөніндегі
халықтың ұсыныстары мен ескертулерінәлеуметтік желілерде
жинауға арналғанАққайың ауданы әкімдерінің және басшылардың аккаунттары
ТАӘ |
Лауазымы |
Әлеуметтік желілер |
|
Фейсбук |
||
|
Елубаев |
Аққайың ауданының әкімі |
RústemMuqashulyElýbaev |
|
Телтаев |
Аудан әкімінің орынбасары |
Нурлан Тельтаев |
|
Гонтарь |
Аудан әкімінің орынбасары |
Елена Гонтар |
|
Сарсымбаев |
Аудан әкімінің орынбасары |
Самат Сарсымбаев |
|
Дүйсембаева |
Аудан әкімі аппаратының басшысы |
Махаббат |
|
Семенюк |
Полтавка ауылдық округінің әкімі |
Полтавка АуылдықОкругі |
Полтавкаауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылғы қорытындысы және
2020 жылға арналған жоспарлары туралы
Мемлекет Басшысының Жарлығын iске асыру мақсатында, Қазақстандық қоғамды одан әрi демократиаландыру, ақпараттандыру, халықты елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы жауапкершiлiгi мен есептiлiгiн арттыру, атқарушы органдардың алдында есеп беру кездесулерi жүргiзiледi.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жыл сайынғы есеп беру кездесулері өткен уақыт жолының өзіндік шегі ғана емес, сонымен қатар атқарылған жұмыс сапасының көрсеткіштері, оларды бағалау және болашаққа арналған жоспарларды түзету мүмкіндігіне айналды.
«Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясы, жаңа «Нұрлы жол» экономикалық саясат, «100 нақты қадам» ұлт Жоспары, «Рухани жаңғыру» мақаласы еліміздің экономикасын күшейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мемлекеттік масштабты бағдарламаларды жүзеге асыруға, ең алдымен жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мен индустриалды-инновациялық дамуға бағытталған бағдарламалық құжаттар болып келеді. Бүгін толық сенімділікпен, біздің Мемлекетіміздің барлық салаларында үлкен өзгерістер бар екендігін атап айтуға болады.
Полтавка ауылдық округі аумағында 3 елді мекен орналасқан: Полтавка, Борки, Лесные поляны. Тұрғындардың жалпы саны
872 адам.
Округ бойынша экономикалық белсенді тұрғындардың саны - 441 адам.
Округте Полтавка орта мектебі, Мәдениет үйі, пошта байланыс пункті, фельдшерлік–акушерлік пункт, кітапхана, монша, Полтавка-Петропавловск бағыты бойынша автобус қатынасы бар.
Әкімшілік реформасы шегінде ауылдық округ әкім аппаратында тұрғындарды мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін беруі нәтижелі жұмыс жүргізеді. Бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес әкімінің аппараты 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2019 жылдың ағымдағы кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 19, оның ішінде 15 әкім аппаратымен, 4- Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетілді. Жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау үнемі жүргізіледі, оларға сәйкес жауаптар, ұсыныстар, консультациялар беріледі. Осы жыл ішінде заңды және жеке тұлғалар үндеуімен жұмыс жүргізілді. 2019 жылы заңды және жеке тұлғалар үндеуімен -22 түсті, оның ішінде округ әкімінде жеке қабылдау - 17, жазбаша жеке тұлға үндеуі - 2, заңды тұлға -3.
Жыл басынан бері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы 22 адам болды: 1 бағыттау - кәсіптік оқыту - 3 адам, 2 бағыттау- «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша 11 адам оқытылды, 4 микрокредит берілді 16,4 млн.теңгеге жоспар бойынша 16,0 млн. теңге, 7 грант 176,4 мың теңге сомасына, 3 бағыттау қоғамдық жұмысын ұйымдастыру 7 адам, жастар практикасы 1 адам. Жалпы жұмыспен 63 адам қамтылды. 2020 жылы «Полтавское» ЖШС өндірісін кеңейту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда - 15, ЖК - 5.
2019 жылы халықты жұмыспен қамту шараларына тарту жөніндегі жұмыстың нәтижесінде жұмыспен қамтылғандардың саны 413 адамнан көбейді 421 адамға дейін немесе 8 адамға шаққанда, 2020 жылдың 1 қаңтарына жалданушы қызметкер 290 адамды құрады. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2019 жылы Полтавка ауылдық округіне 2 отбасы көшірілді, олардың 4-і еңбекке қабілетті, 5-і балалар. Осы отбасылардың барлық еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына тартылады, тұрақты жұмыс орындарына 3 адам, қызмет көрсетуде жеке кәсіпкер ашылды - 1 адам. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2019 жылы «Полтавское» ЖШС көшіп келгендерге 3 үйдің құрылысын аяқтады және осы отбасылар жаңа үйлерге қоныстады.
Округте мекенжай әлеуметтік көмегін сұраған отбасылардың материалдық жағдайын тексеруін жүргізу бойынша комиссия жұмыс істейді. 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға отбасы
32 адамды құрайды.
Жалғыз тұратын зейнеткерлер және мүгедектер толық қамтамасыз етілген. Полтавка ауылында 3 әлеуметтік қызметкер істейді, жалғыз тұратын 14 зейнеткерге қызмет көрсетіледі.
Ең басты демеуші «Полтавское» ЖШС–гі директоры Е.Қ. Зикирин болып табылады, 2019 қайырымдылық қаражатқа 4658,9 мың теңге бөлінді, оның ішінде 78,0 мың. теңге Наурыз мерекесін тойлауға,
8 наурызға ауыл әйелдеріне арналған мерекелік дастархан 98,4 мың. теңге.
Жыл сайын округтің зейнеткерлеріне, мүгедектерге және тыл еңбекшілеріне қарттар күніне орай азық-түлік пакеттерді табыстау демеушілік көмек көрсетілді, 2019 жылы азық-түлік көмегінің сомасы 483,0 мың. теңге.
Ұлы Жеңіс күнін өтуіне зейнеткерлерге және тыл еңбекшілеріне арналған «Полтавское» ЖШС 335,5 мың. теңге сомасына қайырымдылық түскі ас және азық-түлік пакеттер ұйымдастырды.
Дәстүрлі жыл сайын «Полтавское» ЖШС округтің кішкентай тұрғындарына сыйлықтар тарту етеді. Биыл жаңа жылдық сыйлықтарының сомасы 264,0 мың. теңге. 111,0 мың. теңге сомасына түлектер, оқу озаттары мен бірінші сынып оқушылары ақшалай сыйлықтарын тарту етті. 360,0 мың. теңге сомасына күнкөріс төмен отбасылардың балалары «Оқжетпес» денсаулықты сауықтыру лагеріне жолдама алды. Ауылдың абаттандыру мақсатында 81,0 мың теңге сомасына ауылдың көше жолдарын қардан тазалау жұмыстарын жүргізіледі.
2019 жылдың маусым мен тамыз айларында «Полтавское» ЖШС көмегімен 377,8 мың теңге сомасына ауылдың ішіндегі жолдарын инертті материалын сеуіп алды, көше жарықтандыру сомасы 229,4 мың теңге.
Мәдени-бұқаралық және спорт іс-шараларының демеушілері А.К. Ысмағұлов, С.В. Панченко болып табылады.
Ауылдық округ экономикасының негізгі саласы - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру. Агроөнеркәсіптік кешеннің даму деңгейі әрдайым біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының негізгі факторы болып келді және болады.
Ауылшаруашылық иелігінің жалпы көлемі 30711 га құрады, егістік – 20024 га, жайылым – 11641 га. ШҚ, ФҚ жер бөлігі – 16%, ЖШС - 84%.
Диверсификация аясында 2017 жылдан бастап «Полтавское» ЖШС майлы дақылдар алқабын 1160 гектарға ұлғайтты, 2017 жылы майлы дақылдардың алаңы 1925 га, 2018 жылы 3085 га құрады.
2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы майлы дақылдар алқабы өзгерген жоқ.
2019 жылы дәнді дақылдардың орташа астық өнімділігі 24,5 ц/га, майлы дақылдардың 10,3 ц/га.
2019 жылы бойынша «Полтавское» ЖШС 11 дана ауылшаруашылығы техникасын сатып алды, «Алтын-Сары» ЖШС
2 дана ауылшаруашылығы техникасын сатып алды.
2019 жылы 7450,0 мың. теңгеге «Алтын-Сары» ЖШС-нің мехтоктың аумағын асфальттау жүргізілді.
2020 жылы «Алтын-Сары» ЖШС пневматикалық сепкіш сатып алып, механикалық токты қайта құруды жоспарлап отыр.
276 ауланың ішінде жеке қосалқы шаруашылығымен – 226 аула айналысады, ол 83% құрады. 2020 жылдың 1 қаңтарына ауылдық округінде жеке үй-жайында ІҚМ – 599 бас (сиыр – 227), шошқалар – 386, қойлар – 914, жылқылар – 207, құстар саны – 4137.
«Полтавское» ЖШС жеке қосалқы шаруашылығы үшін тұрғындарға азық, шөп, сабан жеткізіледі.
Өз уақытында жер үлесі беріледі, 2019 жылы бір жер үлесіне 7,38 цн- бидай мен ячмень берілді.
Округте мал шаруашылығы дамуына көңіл бөледі. «Полтавское» ЖШС 899 ІҚМ, 26 бас жылқы, ШҚ мен ФҚ 114 ІҚМ бар, ЖК 47 бас ІҚМ, 26 ШҚМ, 5 бас жылқылар бар.
Округте тұрғындардан сүт сатып алу «Куделя» ЖК 1 литр 85 теңгеден ұйымдастырады, орташа есеппен бір ауланың табысы 30000 теңге.
Округте ветеринарлық эпизоотикалық сәттілігін қамтамасыз ету жұмысы мақсатты жүргізілді.
2020 жылғы 1 қаңтар бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар саны 27 бірлікті құрады, оның ішінде 2 ЖШС, 6 ШҚ, 2 ФҚ, 17 жеке кәсіпкерлер (сауда саласы - 3, мал шаруашылығы - 10, өсімдік шаруашылығы - 1, қызмет көрсету – 1, жайылымдық мал шаруашылығы жеке сектор -1).
Округте 3 дүкен қызмет жасайды, онда 8 адам жұмыспен қамтылған. 9 жаңа жұмыс орнын құрумен 2018 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлер саны 9 бірлікке артты. 2019 жылы 4 жаңа жұмыс орны пайда болатын дүкеннің және кафе ЖК-нің ашылылды.
2020 жылға негізгі мақсат ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама бойынша округ тұрғындарын микронесие алуына қызықтыру.
Полтавка ауылдық округты абаттандыруына, жасылдандыруына, санитарлық тазалауға бағытталыңған үшайлықтың шараларында ауылдық округінің бүкіл тұрғындары қатысты.
Тұрғындардың, мекемелердің жұмыс ұжымдардың қатысуымен экологиялық және санитарлық күндер өткізілді. Округ тұрғындарының жеке үй-жайымдарын, жеке аулары, қоғамдық орындары, мемлекеттік және жеке мекемелердің аймағында, елді мекендердің айналасы тәртіпке келтірілген. Селоны абаттандыру бойынша сенбілік өткізілді, қоршаулар ағартылды. Жеке меншігінде техникасы барлар санынан округ тұрғындары үшін тұрмыстық қоқымды шығару ұйымдастырылды. Шекара кюветінің шөптерін шабу жасалды. Жұмыссыздар санынан тұрмыстық қоқымды жағып жіберу және жинау, арамшөп шабу бойынша жұмыс жүргізілді. 2019 жылы Ұлы Жеңіс күніне орай округте ескерткіш жөнделген мен ретке келтірілген, автобус аялдамасы әктелген және сырланған. Көктем мен күзде Полтава орта мектебінің, ауылдық округ әкімінің аппаратының, Мәдениет үйінің, «Полтавское» ЖШС аумағында 500 көшет отырғызылды. Жыл сайын «Полтавское» ЖШС күшімен ішкішаруашылық жолдарына жүргізіледі, қысқы мерзімде кент ішіндегі жолдарын және Мәдениет үйі аумағын тазалау жұмыстары жүргізіледі. Полтавка ауылының көшелерінің бағаналарын ағарту жүргізілді. «Полтавское» ЖШС-нің күшімен Сәбит Мұқанов көшесі бойындағы ауылішілік жолға 2,5 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізді, сауда алаңы, әкімдік және «Полтавское» ЖШС кеңсесіне
4,5 млн. теңгеге асфальт төседі, монша күрделі жөндеу жүргізді 1,5 млн.теңгеге. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Өңірлерді ілгерілету және экономикалық дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша стадионда 560,0 мың. теңгеге балаларға арналған аулалық ойын алаңы орнатылды. Полтавка ауылындағы көшелер жарықтандырылды, көшелерді жарықтандыру төлемін «Полтавское» ЖШС төлейді.
Ішкі магистраль бойынша су колонкалары арқылы су жабдықталуы Полтавка, жүзеге асырылады, ал Лесные поляны, Борки ауылдарында су қысымы мұнарадан. Полтавка ауылында 276 ауладан – 96 аула үйіне су өткізді.
Осы кезеңде округте 235 телефон орны бар, оның ішінде 19 заңдылық. Борки с. және Лесные поляны с. радиотелефондық точка бар. Полтавка орта мектебі, әкім аппараты мен «Полтавское» ЖШС, сонымен ауылда 163 абонент кең жолды «Мегалайн» Интернет жүйесіне және IDTV жетімді.
Округте бір мектеп жұмыс істейді, онда 124 оқушы оқиды. Білім саласында 22 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 18 жоғары білімді,
2 мұғалім сырттай оқиды, 2 -магистрант, 4 - мұғалім жоғары, 5- бірінші санатты, 2-екінші санатты, 1-зерттеуші-мұғалім, 3-эксперт-ұстазы, 7-жас маман.
Өткен оқу жылының білім сапасы – 53% құрды.
Әр бір тоқсанның аяғында ата-аналарға арналған қоғамдыққоғамдық тыңдау өткізіледі.
Мектепте «Лига» ЖК ыстық тамақ ұйымдастырылды.
«Полтавка орта мектебі» КММ-де балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуде толық күнді шағын орталығында 25 орын және толық күнді емес 15 орын жұмыс істейді.
Жазғы кезеңде жыл сайын балалар дем алуға сауықтыру алаңы «Солнышко» 2 рет тегін тамақтанумен және «Өкжетпес» алаңы ұйымдастырылған, демеуші ЖШС «Полтавское» болып табылады. Жазғы кезеңде 63 оқушылар қамтылды. Мамлют ауданындағы «Искра» лагерінде 5 оқушы жалпыға бірдей білім беру қорынан демалды. «Полтавское» ЖШС есебінен «Ожетпес» лагеріне 10 рұқсаттама алынды.
«Полтавское» ЖШС басшылығының, бірінші сынып оқушылары мен түлектерінің қамқорлығы мен ықыласының арқасында, үздік студенттер ақшалай сыйлықтармен конверттерге ие болды. «Оқ жетпес» облыстық сауықтыру лагерінде тұрақты ғимарат жөнделді. Мектептің және шағын орталықтың барлық балалары Жаңа жылдық сыйлықтар алады.
Жаңа оқу жылының басталу алдында «Мектепке жол» акциясы өткізілді, азқамтылған және көп балалы отбасыларына балаларды мектепке дайындауға 118000 тенгеге көмек көрсетті.
Мектепте логопедиялық сабақтар өткізіледі. Барлық білім беру іс-шаралары «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Ауылдық округінің әлеуметтік өмірінде басты саласы медициналық қызмет көрсету болып табылады. 2019 жылы «Полтавское» ЖШС демеушілік қаражатының есебінен Полтавка а. фельдшер-акушерлік пункт 12000,0 мың. тенгеге салынды, ол қажетті жиһаздармен, жабдықтармен қамтамасыз етілді, фельдшерлік-акушерлік пункттің персоналы жабдықталған. Ауыл тұрғындарын тексеру үшін және дәрілер тағайындау орталық аудандық ауруханасынан дәрігер терапевт айына бір рет шығады. Округ бойынша диспансерде 73 адам тіркелген, олардың барлығы жеңілдетілген дәрілермен толық қамтамасыз етілген.
Борки және Лесные поляны медициналық қызметкерлердің болмауына байланысты, Полтавка ФАП-ның қызметкерлерін шақыру бойынша қызмет көрсетіледі.
Мәдениет саласын Мәдениет үйі ұсынады, онда ұлттық және ұлттық мерекелерге, концерттер, ойын-сауық және тақырыптық кештерге, жастар мен балаларға арналған дискотекалар, азаматтар жиналыстары өтеді. 2019 жылда Полтавка Мәдениет үйінде 121 әр-түрлі шаралар өткізілді, жыл бойы 4760 адам келді. Полтавка ауылдық мәдениет үйінде 7 клубтық бірлестігі жұмыс істейді: аспаптық клуб, екі би және 2 вокалды үйірме, көңілді және тапқырлар клубы және «Қартаймайтын жүрек» клубы. 2019 жылы «Хуторок» балалар аспаптық ансамблі «Үлгілі» атағын алды. Мәдениет үйінің көркемдік өнерпаздар облыстық және аудандық шараларда қатысты.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Мәдениет үйіне материалдық-техникалық базаны нығайтуға 899,9 мың теңге бөлінді.
Полтавка мәдениет үйінде ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 5618 дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде – 3278 кітап, 4529,3 мың. теңгеге жалпы сомасы. 2019 жылы ауылдық кітапханаға 278 дана кітап түсті, қазақ тілінде 235 дана кітап, барлығы оқырманы - 521. 59 іс-шара жүргізілді, барып келетін оқырмандардың жалпы саны 3119 адам. Кітапханада «Нестареющие сердца», «У волшебного очага», «Кивис» клубы, «Книжкина радость» балалар клубы жұмыс істейді.
Кітапханада медиатека ашылды. 3 жыл ішінде «Достық» атты этно-мәдени бірлестігі жұмыс істейді, Бірлестігінің басты мақсаты ол – қазақ мәдениетін қайта өркендету. Полтавка а. шағын футбол алаңы мен балалар алаңы стадионда орнатылған, сонымен қатар Полтавка орта мектебінің аумағында хоккей корты бар. Ауыл тұрғындары аудандық және облыстық спорттық шараларға белсенді қатысады.
2020 жылда округте іске асыруға жоспарланатын басты мақсаттар:
Полтавка а. бюджет қаражаты есебінен аудан ауылдарының келбетін жақсарту және полигондарды жетілдіру жұмыстарын жалғастыру;
«Полтавское» ЖШС-нің демеушілік қаражаты есебінен Урожайная көшесінің бойындағы ауылішілік жолды ағымдағы жөндеу, Полтавка а. 4 үй салу, жатақхана, Полтавка орта мектебін жайларын босату мақсатында шағын-орталық салынады.
Жоғарыда аталған шаралардың іске асырылуы ауыл тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, еңбек өнімділігін көтереді, инфрақұрылымды және әлеуметтік саласы объектілердің жағдайын жақсартады. Бірақ округіміздің болашағы қандай болатыны біздің өзімізге - ауыл тұрғындарына байланысты.
Полтавка ауылдық
округінің әкімі
О.Н.Семенюк