«Аққайың аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-19 «Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»

«Аққайың аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-19 «Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»

 

         Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы                            № 31-19 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:    

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай  көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер - 88277 мың теңге:

         салықтық  түсімдер - 13706 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 0 мың тенге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          арнаулы түсімдер - 0 мың тенге;

         трансферттер  түсімдері - 74571 мың теңге;

         2) шығындар – 89444,3  мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

         бюджеттік кредиттер - 0 мың тенге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың тенге;

         4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

         қаржылық активтерді сатып алу- 0 мың теңге;

         мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер- 0 мың теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1167,3 мың теңге;

          5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың       теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

         - 1167,3 мың теңге:

         қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

         қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1167,3 мың теңге.»;

          

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің                                                          қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

       Солтүстік Қазақстан облысы                                    

    Аққайың ауданы мәслихатының      

                     төрағасы                                

            ________  Е. Жәкенов

 

Дата публикации
14 августа 2026