Меню

Страницы

Статья

«Лесной селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ Сыбайлас жемқорлықпен күрестi күшейту бойынша қолданылатын шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Президенты  — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында сыбайлас

Жемқорлықпен курес мәселесiне көп көнiл бөлiнедi. 2014 жылғы 17 қантар «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ — 2050: БIР МАҚСАТ, БIР МҮДДЕ,

БIР БОЛАШАҚ» атты Қазақстан халқына Жолдауында тағы да көрiнiс тапты.

«Мемлекет пен қогам жемқорлыққа қарсы күресетiн бiр күш болуға тиiс. Жемқорлық — жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттiң тиiмдiлiгiне деген сенiмдi сетiнететiн және ұлттық қаупсiздiкке төнген тiкелей қатер болып саналады. Бiз түпкi мақсатымыз — жемқорлықты құбылыс ретiнде жою үшiн жемқорлыққа қарсы заңнамаларды

Жетiлдiру арқылы жемқорлықпен күрестi қатты күшейтуiмiз керек».

Лесной селолық округi әкiмiнiң аппаратында 2014 жылға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын жүзеге асырудың iс- шаралар жоспары құрылып, бекiтiлдi және көрсетiлген жоспарды iске асыру бойынша толтыру папкалары жасақталды.

Азаматтардың өтiнiштерi бойынша жеке қабылдауды дұрыс ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолданылды. Селолық округ әкiмiнiң азаматтарды қабылдау кестесi бекiтiлiп, өтiнiштер есебi жүргiзiледi. 2014 жылдың

17 наурызжағдайы жеке тұлғалардан 4 өтiнiш түстi. Заңды тұлғалардан 1 өтiнiш тустi.

Округ әкiмiнiң қызметкерлерi аппараттық оқуларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жарлықтарын, Қаулыларын, Президенттiң Жолдауын зерделеп, талқылау ұйымдастырылған.2013 жылғы жеке табыстары бойынша мемлекеттiк қызметшiлер табыс туралы декларация тапсырды.

2014 жылдың бiрiншi тоқсанында аудандық «Аққайың» және «Колос» газеттерiнде Лесной селолық округi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексiн бұзу фактiлерi және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылақтары

Туралы хабарлау үшiн сенiм телефоны жарияланды . Округ әкiмi аппаратының сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткiзiлген iс-шаралар туралы ақпарат орналастырылды.

Негiзгi мақсаттардың бiрi жер мәселелерi саласында шешiмдер қабылдау кезiнде ашықтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Жердi ресiмдеу бойынша азаматтар өтiнiштерi түскенде қажет құжаттар жинау туралы түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi. Өтiнiш берушiге жазбаша жауап берiледi. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жер туралы 1 өтiнiш түстi,өтiнiш аудандық жер комиссиясына жолданды.

2014 жылдың қантар айында округ әкiмiнiң халық алдындағы есептiк кездесуi өттi, түскен ескертулер мен ұсыныстар бақылауға алынды.

Әр айдың 29 санына дейiн қабылданған нормативтiк-құқықтық актiлер аудандық прокуратураға тексерiске тапсырылып отырады. Барлығы актiлер екi тiлде ресiмделiп мөртаңбалы бланкiге жазылады. Есептi мерзiм кезеңiне Ар-намыс кодексiн сақтау бойынша есеп ай сайын тапсырылып отырады. Әкiмдiк ғимаратында стенд ресiмделген ,

Бақылау кiтабы баршаға көрiнетiн ыңғайлы орынға орналастырылған.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет регламентi бойынша анықтама берiлiп, мемлекеттiк қызмет көрсетiледi. Өтiнiштер электрондық базаға енгiзiледi.

Дата публикации
24 ноября 2023
Дата обновления
24 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
28 ноября 2023
«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ
27 ноября 2023
Видео

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы