27 тамыз күні Ленинское ауылының МҮ жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтті.
Осы жиналысты жүргізу қажеттігінің маңызы болды.
Жиналғандар жергілікті қоғамдастық мүшелері қызу талқылаудан кейін Лесной ауылдық округінің Ленинское және Дайындық ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін деген пікірге келді. Нәтижесінде Ленинское ауылының көшелеріне мынадай атаулар берілсін: Астана, Московская, Заводская, Олимпийская, Абай, Мағжан Жұмабаев, Конституции Казахстана (Қазақстан Конституциясы), Мира, Дружбы народов (Халықтар достығы), Первомайская, Пушкина, Целинная, Подлесная, Желтоксан (Желтоқсан), Юбилейная, Гагарина, Молодежная, Новостроительная, Степная, Новая, Труда (Еңбек).
Дайындык ауылына: Достық, Жамшин Нұрмағамбет.
Барлық көшелер мен көше қиылыстарында қаражаттың түсуіне қарай көше атауы жазылған тақташалар орнату жоспарланды.
Лесной ауылдық округiнiң
әкiмi Қ. Бабаков