Меню

Страницы

Статья

Лесной ауылдық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2019 жылғы қорытындысы және 2020 жылға арналған жоспарлары туралы

Лесной ауылдық округiнiң аумағында 2 ауыл орналасқан: Ленинское және Дайындық, жалпы халық саны 1341 адам.

Округ бойынша экономикалық белсендi тұрғындардың саны — 643 адам.

Ленинское–Петропавл бағытындағы автобус қатынасы жұмыс iстейдi.

Ауылдық округ әкiмi аппаратында тұрғындарға мемлекеттiк қызметтердi тиiмдi ұсыну бойынша жұмыстар атқарылуда. Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргiзiлiп, тиiсiнше жауап, ұсыныс, кеңестер берiледi. 2019 жылы жеке және заңды тұлғалардан 16 өтiнiш түстi. 141 нотариалдық iс-әрекет көрсетiлдi.

Мемлекеттiк қызметшiлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы болған жоқ.

2019 жылы нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту мемлекеттiк бағдарламасы бойынша ЖК 9 млн. 800 мың теңге сомасына 4 несие, оның 3 млн. теңгесi мал шаруашылығы және 6 млн теңгесi жаңа дүкен ашуға, тiгiн цехын ашуға 800 мын тенге алынды.

Өнiмсiз еңбекпен айналысатын 44 тұрғындарды формализациялау аясында жұмысқа орналастыру жүргiзiлдi. АӘК 82 адамы бар

14 отбасына 3346,9 мың теңге сомасына қолдау шаралары көрсетiлдi.

Атқарылған жұмыстар нәтижесiнде 2019 жылы 44 адам жұмысқа орналастырылып, 42 жаңа жұмыс орны құрылды. Округ бойынша жалдамалы қызметшiлер саны — 301 адам, бұл экономиқалық тұрғыдан белсендi халық бөлiгiнiң 46,8%.

2020 жылы 26 адамды жұмысқа орналастырып, 26 жаңа жұмыс орнынқұру, кәсiпорын ашу арқылы жоспарлап отырмыз.

2019 жылы округте халықтың әлеуметтiк тұрғыдан әлжуаз тобын жұмыспен қамту бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, оған 13 адам тартылды.

8 әлеуметтiк қызметкер жалғыз басты тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсетедi.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемi 46593 га, дәндi дақылдар — 15428 га. ШҚ мен ФҚ — 12,5%, ЖСШ — 87,5% жер үлестерi бар.

Диверсификациялау бойынша майлы дақылдар ауданы 546 га ұлғайтылды.

2019 жылы орташа өнiмдiлiк дәндi дақылдар бойынша 24 ц/га, майлы дақылдар — 13 ц/га болды.

«Шаймерденов Б.А.» ШҚ 1200 басқа арналған тауарлы — сүт қаржысы фермасы салынып, пайдалануға берiлдi. Нәтижесiнде 35 жаңа жұмыс орны ашылды.

Округтiң жеке аулаларында: IҚМ — 615 бас (сиырлар — 267), шошқа — 450, қой — 1828, жылқы — 244 бас, құс — 13502 бас бар.

Округте мал шаруашылығын дамытуға көңiл бөлiнедi, АШТӨ — дегi жалпы мал саны 1722 бас, былтырғы жылмен салыстарғанда 72 басқа көп немесе өсiм 4,1%.

Сүт сатып алуды ЖК «Баймурзинов А.Н.» және АШӨК «Мол ЛТД» литрiн 90 теңгеден сатып алады. Бiр ауланың орташа табысы айына 34 мың теңге.

Округте 8 дүкен жұмыс iстеп, 19 адамды жұмыспен қамтып отыр, 2018 жылы 17 адам қамтылған болатын.

Өңдеу саласында 1 кәсiпорын «РОСТАН» ЖШС бар, онда 50 адам жұмыс iстейдi. 2018 жылы өндiрiсте 48 адам жұмыс iстеген болатын.

2019 жылы жоспарланған екi нысанның бiрi пайдалануға берiлiп, «РОСТАН» ЖШС-де айран-сүт өнiмдерiн шығаратың модульдiк цехтың құрылысы жүрiп жатыр. Құрылыс аяқталған соң 6 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ленинское және Дайындық ауылдарындағы ҰОс қатысушыларына арналған ескерткiштер жөнделiп, абаттандырылды.

Ауыл iшi жолдарын тегiстеу, қыста жолдарды қардан аршу «И.Зенченко» және «Дайындық» ЖШС күшiмен жүргiзiледi.

2019 жылы Ленинское ауылындағы қоқыс тастайтын жерлерiнде үймелеу жұмыстары өткiзiлдi. 2019 жылы Ленинское ауылының Гагарин көшесiне 560 мың теңгеге 14 жарықтандыру шамдары орнатылды.

Дайындық ауылында «Дайындық-Агро» ЖШС күшiмен ұзындығы 1,5 шақырымға құңы 65 млн. теңге тұратын асфальт төселдi 21 млн. теңге тұратын 3 жаңа тұрғын үй саланды, сонымен қатар 3 жаңа үйдiн құрылысы жүрiп жатар. Пайдалануға беру мерзiмi 2020 жыл.

Ленинское және Дайындық ауылдарының аумағын көгалдандыру жұмыстары жүргiзiлдi. Ленинское ауылындағы ҰОс мемориалдық кешенi маңына 30 қарағай көшеттерi отырғызылды.

Ленинское және Дайындық ауылдарында сумен жабдықтау топтық су құбырларының тарату желiлерi арқылы жүзеге асырылады. Кең ауқымды интернет халықтың 85% бар.

Округте 2 мектеп бар, онда жалпы 197 оқушы оқиды. Ленин орта мектебiнiң жанында 40 орынға арналған толық емес күн бойынша жұмыс iстейтiн шағын-орталығы бар. Дайындық негiзi мектебiнiң жанында 20 орынға арналған толық күн бойынша жұмыс iстейтiн шағын орталығы бар. ЖК «Жусупова», басшылығымен Ленин және Дайындық мектептерiнде ыстық тамақ беру ұйымдастырылды.

Ленинское ауылында қажеттi жиһаз, құрылғылар, жедел жәрдем автокөлiгiмен жарақтандырылған, Ленин, Аралағаш, Рублевка, Амангелдi, Дайындық ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететiн 10 орындық күндiзгi жатын орны бар дәрiгерлiк амбулатория жұмыс iстейдi.

ЭКГ, физиокабинет, тiс дәрiгерi кабинеттерi жұмыс iстейдi. Амбулаторияда мынадай мамандар: жалпы тәжiрибе дәрiгерi, акушер, фармацевт, зертханашы, тiс дәрiгерi бар.

Дайындық ауылында қажеттi жиһаз,құрылғы және 2 күндiзгi жатын орны бар жаңа медициналық пункт қызмет етуде (2017 жылы пайдалануға берiлген) жұмыс iстейдi. Ленин және Дайындық ауылдарының сырқаттарын қабылдау үшiн айына бiр рет аудандық аурухананың терапевт дәрiгерi келiп тұрады. 246 адам жеңiлдiктi дәрi-дәрмекпен толық көлемде қамтамасыз етiлген.

2019 жыл бойы мәдениет мекемелерi 128 iс-шара өткiзiп, оған 5228 адам қатысты.

Ленин мәдениет үйiнiң жанында 6 клубтық құрылым жұмыс iстеп, оған 61 адам жұмылдырылған.

Ленин мәдениет үйiнде кiтапхана жұмыс iстейдi, 2019 жылы кiтап қорының толықтырылуы 370 дана болып сомасы 529,9 мың теңгенi құрады.

Ленинское ауылында стадион, хоккей алаңы, Дайындық ауылында дене шынықтыру-сауығу кешенi бар. Округ тұрғындары аудандық және облыстық спорттық iс-шараларға белсендi қатысады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Атамекен» кiшi бағдарламасы аясында «Дайындық Агро» ЖШС Дайындық ауылында жалпы құны

58 млн теңгелiк 250 шаршы метр ойын алаңы, спорт залының құрылысын аяқтады. 2019 жылы пайдалануға берiлдi.

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» Жолдауының бағыттырына сәйкес алдыма келесi мiндеттердi қоямын:

  • халықты жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелерiн шешу;
  • округтiң елдi мекендерiн өркендету;
  • шағын және орта бизнестi дамытуға қолдау көрсету;
  • жолдарды ұстау және жөндеу;
  • қоғамдық тәртiптi нығайту.

Лесной ауылдық
округiнiң әкiмi
Қ.А.Бабақов

Дата публикации
22 ноября 2023
Дата обновления
22 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
28 ноября 2023
«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ
27 ноября 2023
Видео

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы