Отчет о деятельности КГУ «Аппарат акима Лесного сельского округа Аккайынского района Северо-Казахстанской области» в сфере оказания государственных услуг за 2025 год

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  • «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
  • «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
  • «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
  • «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату»
  • «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту»

Барлық мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылғы 1 қазандағы №301 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне (19.06.2023 ж. №236 өзгерістермен) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен стандарттары бекітілген.

2025 жылдың қорытындысы:

Есепті кезеңде барлығы 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметі бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 8 қызмет.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында:

  • ақпараттық стендтер (стандарттар, өтініш үлгілері) орналастырылған;
  • мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға тағайындалған;
  • азаматтарды қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасалған (компьютерлік техника, күту орындары).

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдайлар жасалған:

  • пандус орнатылған;
  • шақыру түймесі бар;
  • тактильді плитка төселген.

Мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету мақсатында «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, ол арқылы азаматтар www.egov.kz порталы арқылы электрондық қызметтерді ала алады.

2025 жылы аталған сектор арқылы тұрғындар 197 электрондық мемлекеттік қызмет алған.

Мекеменің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде барлық қажетті ақпарат орналастырылған, сондай-ақ тоқсан сайын талдамалық есептер жарияланады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары:

2025 жылы:

  • 1270 адамды қамтыған 31 іс-шара өткізілді;
  • 12 құқықтық всеобуч ұйымдастырылды;
  • аппараттық оқу өткізілді;
  • мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша интернет-конференция және Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир ұйымдастырылды;
  • халыққа брошюралар тарату және электрондық үкімет порталын пайдалану дағдыларын үйрету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілді.

Азаматтардың өтініштері:

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.

Сапаны бақылау:

Ай сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есептер Аққайың ауданы әкімінің аппаратына ұсынылады. Қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері тұрақты бақылауда.


2026 жылға арналған жоспарлар:

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  • халықты «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеу дағдыларына оқыту;
  • 2025 жылға арналған есепті көпшілік талқылауын өткізу;
  • ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу;
  • құқықтық всеобуч өткізу;
  • аппараттық оқу өткізу;
  • интернет-конференция өткізу;
  • халыққа ақпараттық брошюралар тарату.

Барлық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Дата публикации
27 апреля 2026