Лесной ауылдық округi аумағында 2 елдi мекен орналасқан: Ленинское ауылы — 390 аула, тұрғындары — 1158 адам, Дайындық ауылы
51 аула, тұрғындары 216 адам. Этникалық құрамы: қазақтар 709 — 48,2%, орыстар 429– 28,1%, украиндар 94 — 6.2%, немiстер 74 — 4,6%, өзге ұлттар 38 — 2,4%.
Аудан орталығы Смирново ауылына дейiнгi ара қашықтық 25, облыс орталығы Петропавл қаласына дейiн 60 шақырым, республикалық маңыздағы тас жолға дейiн 3,7 шақырым.
Округте 2 мектеп, мешiт, дәрiгерлiк амбулатория, фельдшерлiк пункт, дәрiхана, Мәдениет үйi, ауылдық клуб, 2 кiтапхана, наубайхана, сауықтыру лагерi, май зауыты, дүкендер бар.
Округ әкiмi аппаратының ғимаратында «Қазпошта» АҚ пошта байланысы бөлiмшесi, АТС, учаскелiк полиция инспекторының аймақтық бекетi орналасқан.
Аудандық автобус бағыты жолаушыларды тасымалдау қажеттiлiгiн қанағаттандырады. Смирново ауылының «РОКА» ЖШС тұрмыстық газбен қамтамасыз етедi.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы иелiгiнiң жалпы көлемi 41434 га, егiстiк — 21340 га, жайылым — 14874 га, 5220 га орманды алқап.
Ауылдық округте iрi ауыл шаруашылық құрылымдары: «И.Зенченко», «Дайындық», «Қызыл Жұлдыз Жер», «Ростан», ЖШС-терi. Iрi тауар өндiрушiлерiмен қатар округте жалпы жер көлемi 3227 га құрайтын 12 шаруа қожалығы бар.
2016 жылдың 1 қантар жағдайына ауылдық округтiң жеке шаруашылығында IҚМ — 773 бас, оның iшiнде сиырлар — 346, жылқы — 351, қой — 1511, шошқа — 341 бас.
Ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұқсату мақсатында, округ тұрғындарының артық өнiмдерiн сатып алу бойынша iс шаралар жүзеге асырылды. Ленинское ауылында тұрғындардан сүт сатып алуды «Ростан» ЖШС-i ұйымдастырып, 1 литр сүттiң құны 55 теңгенi құрады. Барлық түрдегi салықтар толық өндiрiлдi.
Кәсіпкерлік
Округте 2 кафе «Дастархан» және «Қызылжар», жиһаз жасау цехы, 9 дүкен бар. Барлық дүкендер әртүрлi халық тұтынатын тауарларды, бiрiншi кезекте қажеттi азық-түлiктi толық көлемде қолжетiмдi бағамен ұсынады.
ЖК Сәрсекеев округ тұрғындарын, көршiлес ауылдар мен аудан орталығын нан-тоқаш өнiмдерiмен қамтамасыз етедi.
Барлық кәсiпкерлер округтың қоғамдық өмiрiне белсене араласып, әр түрлi iс-шараларды өткiзуде демеушiлiк жасайды.
Абаттандыру
Округ әкiмi аппаратының, ДА, мектептiң, мешiттiң, МҮ және тұрғын үй секторында сенбiлiктер мен аумақтарды тазарту жұмыстары тұрақты өткiзiледi. Жыл басынан өз еркiмен ауыл көшелерiн А.А. Усеинов және
Р.В. Снитко қүштерiмен, қаражатымен және көлiктерiмен тазалады, оларға округ әкiмiмен алғыс хатымен жарияланды.
Ленинское ауылының аялдамасына жөндеу жұмыстары: бояу, ағарту, орындықтарды бүтiндеу, маңайын тазалау жүргiзiлдi.
Көптеген екi ауылдардың тұрғындары биылғы жазда өздерiнiң жеке меншiгiндегi қоршауларды жаңартты, үйлерiнiң сыртын қаптады, шатырларын ауыстырды, халықтық терезелердi орнатты.
Сумен жабдықтау
Ленинское ауылында сумен жабдықтау су тарату бекетi арқылы жүзеге асырылады, 1 фляга судың құны 5 теңге және Дайындық ауылында iшкi су тарату магистралiнiң су босату колонкалары арқылы iске асырылады. Округте 7 шахталық құдық бар. 2014 жылы Мемлекеттiк бағдарлама бойынша Ленинское ауылында екi жылға есептелген жалпы құны 256 млн. 600 мың. тенгеден асатын қаржыға таза ауыз сумен қамту жұмысы жүргiзiлуде. Мердiгер «ЛивКосСевер» ЖШС болып табылады. Ауылда құбырдың төсеме құрылыстық жұмыстары аяқталды.
Білім беру
Ауылдық округ аумағында екi мектеп бар. Аралас тiлде оқытатын Ленин орта мектебiнде 55 қызметкер жұмыс iстейдi, оның арасында
22 мұғалiм. 2015-2016 оқу жылында 158 оқушы, оның 20-сы мектепалды даярлық сыныбында, сонымен қатар 18 бүлдiршiн толық емес күн бойынша жұмыс жасайтын шағын-орталықта тәрбиеленуде. Мемлекеттiк тiлде оқытатын Дайындық негiзгi мектебiнде 11 мұғалiм жұмыс iстейдi, оқушылар саны 35, оның 5-i мектепалды даярлық сыныбында және 14 бүлдiршiн толық емес күн бойынша жұмыс жасайтын шағын-орталықта тәрбиеленуде. Оқыту мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Мектептерде кiтапханалар бар.
Әр түрлi үйiрмелер, спорт секциялары жұмыс iстеп, дискотекалар мен демалыс кештерi өткiзiледi. Мектептер телефондандырылған, ғаламтор жүйесiне қосылған. Мектептер жылыту маусымына әзiр: қажеттi көмiр және дизель отыны жеткiзiлген.
Телефондандыру
Қазiргi таңда округте 340 телефон нүктесi бар, оның iшiнде
20 заңды тұлғаларда. Округтiң барлық ұйымдары телефондандырылған. Телефон байланысын «Қазақтелеком» АҚ жүргiзедi, қызмет көрсету сапасы тұрғындарды қанағаттандырады. 2015 ж. округ тұрғындарының
21 ауласы «Мегалайн» Интернет жүйесiне қосылып, барлығы
122 абонент.
Демеушілік
Ленин орта мектебiне «А. Губайдулина» ЖК (Губайдулина А.Р.) қызмет көрсетiп 1-11 сыныптың оқушылары ақылы ыстық тамақ iшедi. Көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардың 19 баласына жаппай бiлiммен қамту бағдарламасы бойынша тегiн ыстық тамақ ұйымдастырды. ЖШС «Зенченко» (басшы Г.И.Зенченко) бiрiншi сыныптың 3 оқушысына мектепке қажеттi құрал және аспалы сөмкенi сыйға тартты. Жаңа жылдық шырша мейрамына қаржылай қолдау көрсеттi.
2015 ж. тамыз-қыркүйегiнде «Мектепке жол» акциясы бойынша мектеп ардагерлерi және мұғалiмдерi, аппарат әкiмi және медицина қызметкерлерi, оқушыларға заттай және мектепке қажеттi құрал жабдықтар алуға көмек көрсеттi.
Дайындық негiзгi мектебiне «Дайындық» ЖШС директоры
Б.Ә. Шаймерденов үлкен көмек көрсетiп келедi, мектептiң барлық оқушысы тегiн ыстық тамақпен қамтылған. Жаңа жыл мерекесiн қарсы алуға мектепке қайырымдылық және демеушiлiк көмек көрсеттi.
Денсаулық сақтау
Ленинское ауылында дәрiгерлiк амбулатория 10 орындық күндiзгi стационармен ұсынылған, Аралағаш, Рублевка, Дайындық, Амангелдi ауылдарының 3 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетедi. Дәрiгерлiк амбулаторияның штаты жасақталған. Амбулатория заманауи жабдықпен: ЭКГ, тiс кабинетi, физиокабинетпен жарақталған. Онда жалпы тәжiрибе дәрiгерi, акушер, тiс дәрiгерi, фармацевт, зертханашы және басқалары қызмет көрсетедi. Дәрiгерлiк амбулаторияның жедел жәрдем көлiгi әрқашан дайын тұрады.
ДА ғимаратының iшiнде дәрiхана бар, одан жақын жердегi ауылдардың тұрғындары аса қажеттi дәрi-дәрмектердi сатып алу мүмкiндiгiне ие, әсiресе зейнеткерлер мен мүгедектерге қолайлы. ҚР денсаулық сақтау министрiнiң 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына сәйкес науқастардың белгiлi бiр тобы жеңiлдетiлген және тегiн дәрi дәрмекпен қамтамасыз етiлген. Дайындық ауылында фельдшерлiк бекет жұмыс iстейдi.
Мәдениет және спорт
Округтiң мәдениет саласы Ленинское ауылының Мәдениет үйi және Дайындық ауылдық клубымен қарастырылған. Бұларда мемлекеттiк және ұлттық мерекелерге арналған мәдени-көпшiлiк iс-шаралар, азаматтар жиыны, концерттер, дискотекалар өткiзiледi. 2015 жылда жергiлiктi бюджеттен Ленинское ауылы Мәдениет үйiнiң ағымдағы жөндеуiне 678 мың теңге бөлiндi.
Көктемде Ленинское ауылында орнатылған «Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды есте сақтау» мемориалдық кешенi мен алғашқы тың игерушiлер ескерткiшiне жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Оған
Г.И. Зенченко демеушiлiк көрсеттi. Дайындық ауылында орналасқан ескерткiштердi жөндеуге Б.Ә. Шаймерденов демеушiлiк көрсеттi. Бұрынғы Қызыл Жұлдыз ауылындағы қаза тапқан батырларға арналған ескерткiштi аппарат әкiмi қызметкерлерi және еңбек биржа жұмыскерлерi жөндедi.
Ауылдық округ әкiмiнiң аппараты 5 тақырыптық баннер сатып алып орнатты.
Жеңiс мерекесiне арналған салтанатты митинг тыл еңбеккерлерi және округ тұрғындарының қатысуымен өтiп, арты мерекелiк шай iшуге ұласты. Iс-шараға ЖШС директорлары, және ЖК-лер демеушiлiк көрсеттi. Мәдениет үйiнде 2 топта әр түрлi жастағы балалар облыстық «БЖСМ-ның» күрес секциясында қазақша күреспен айналысады. Мұнда әртүрлi жаттығу тренажерлерi, теннис үстелi бар. Осының барлығы жастар мен балаларды спорт және саламатты өмiр салтын қолдануға баулиды.
Округте «Аққайың» этномәдени бiрлестiгi құрылып, оның құрамына
6 ұлттан 11 адам кiрдi: қазақ, орыс, украин, немiстер, поляқтар, белорустар.
Лесной ауылдық округiнде жаңа жылды қарсы алуға Мәдениет үйiнде, ауылдық клубта, мектептерiнде шырша орнатылды, фойе және сахна безендiрiлдi.
Халықты әлеуметтік қорғау
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi және он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн мемлекеттiк жәрдемақыны сұраған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу бойынша округте комиссия жұмыс iстейдi, атаулы әлеуметтiк көмектi алушылар саны — 2 отбасы, 4 адам. Мемлекеттiк балалар жәрдемақысын алушылар — 31 отбасы, 54 бала.
Ленинское ауылында 6, Дайындық ауылында 1 әлеуметтiк қызметкер жалғыз тұратын 32 зейнеткерге қызмет көрсетедi.
1 қазан мен 1 қараша аралығында қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қолдау көрсету айлығында барлық зейнеткерлер мен мүгедектер шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен ұйымдарға бекiтiлдi.
СҚО дәрiгерлiк-әлеуметтiк мекемелерiнде қамқорлықтағы кiсiлерге бару кестесiне сәйкес қазан айында округ әкiмi Петропавл ПНДИ — 1 адамға, Тайынша ПНДИ — 2 адамға және жалпы үлгiдегi Смирнов үй-интернатына — 2 адамға барды.
Есептi кезең iшiнде бiрсыпыра жұмыстар атқарылды. Атқаратын iстер көп, атап айтқанда, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргiзу, «Бизнестiң 2020 Жол картасы», «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру, қысқы кезеңде жолдарды ұстау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру, округ тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету.
Әкiм аппараты мен Лесной ауылдық округiнiң тұрғындары қойылған мақсаттарды шешу үшiн барлық күш-жiгерiн салады.