Халықпен жұмыс

Аққайың ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

 

Евгений Иванович Остертак
Аққайың ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі  орынбасары — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының әдеп жөнiндегi уәкiлi
Мекенжайы: СҚО, Аққайың ауданы, Смирново а., Народная көш. 50
Байланыс телефондары:
8 (71532) 2-12-94, +77058002493
Электрондық пошта: e.ostertak@sko.gov.kz
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды қабылдау кестесі: әр сәрсенбі сағ. 16.00 ден 18.00 дейін

 

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi уәкiлi

 

Серiкбаев Сейiлхан Махмутұлы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының Әдеп жөнiндегi уәкiлi болып тағайындалды.
Азаматтарды қабылдау кестесi бойынша әр бейсенбi сағат 15.00-ден 18.30-ға дейiн.
Байланыс телефоны: 8(7152)34-02-17
Мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 301-кабинет.


ХАБАРЛАМА
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялайды

Конкурсты өткізу орны мен күні: СҚО, аудан әкімі аппараты шағын залы 2023 жылғы 17 қантар сағат 16:00 – де

 

Лот№

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, өрістің №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (жер құрамы мен түрлері, бонитет балы)

Ауданы, га

Бонитеттің орташа балы

Жалдау мерзімі, жылдар

Григорьевка ауылдық округі

1

2-1 / 43 га-табиғи жайылымдар

Жалпы ауданы
Табиғи жайылымдар

43
43

5,4

30 жыл

2

Т-10ло / 49 га-табиғи жайылымдар

Жалпы ауданы
Табиғи жайылымдар
Бұталар
Жолдар

51,1
49
1,9
0,2

10,2

30 жыл

3

Г3, 4/180 га-табиғи жайылымдар

Жалпы ауданы
Табиғи жайылымдар

180
180

7,4

30 жыл

4

Т-10ло / 36 га-табиғи жайылымдар

Жалпы ауданы
Табиғи жайылымдар
Жолдар

36,2
36
0,2

8,8

30 жыл

5

Т-10лош / 85,3-табиғи жайылымдар

Жалпы ауданы
Табиғи жайылымдар
Жолдар

85,6
85,3
0,3

10,5

30 жыл

6

Кос 4/13 га - табиғи жайылымдар,
3-2 / 50 га - жақсартылған жайылымдар

Жалпы ауданы
Табиғи жайылымдар
Жақсартылған жайылымдар
Жолдар

63,4
13
50
0,4

8,3

30 жыл

Ивановка ауылдық округі

7

2*/148 га - табиғи жайылымдар

Жалпы ауданы
Табиғи жайылымдар
Жолдар
Бөгде жер пайдаланушылар
"Аққайың орман шаруашылығы" КММ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

Солтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

150
148
2

44

23,8

30 жыл

Қиялы ауылдық округі

8

2 * /194 га - егістік

Жалпы ауданы
Егістік

194
194

43,2

30 жыл

Тоқшын ауылдық округі

9

II / 95.5 га-егістік,
1 орақ /1,8 га табиғи жайылым

Жалпы ауданы
Егістік
Табиғи жайылымдар
Жолдар
Бөгде жер пайдаланушылар
"Аққайың орман шаруашылығы" КММ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

Солтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
(Тоқшын ауылдық округі)

97,6
95,5
1,8
0,3

1

 

0,4

40,3

30 жыл

10

5-III / 43га, 4-III / 52 га, 26/3 га-егістік
ММ 13/12 га, 5 - III/2 га - табиғи жайылымдар
26/3 га, 4-III/2 га - жақсартылған жайылымдар

Жалпы ауданы
Егістік
Табиғи жайылымдар
Жақсартылған жайылымдар
Су астында
Оның ішінде жасанды су қоймалары
Жолдар
Бөгде жер пайдаланушылар
"Аққайың орман шаруашылығы" КММ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

Солтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
(Тоқшын ауылдық округі)

118
97
15
4
1
1

 

37,3

37,4

30 жыл

 Конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу

1. Конкурсқа мемлекеттік менжіктегі, жер пайдалануға берілмеген, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы беріледі.
2. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес қонкурсқа қатысу үшін өтінімдерін рәсімдеген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.
            3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 16 қаңтар  аралығында өткізіледі.
4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.
Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
5. Конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;      
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
6. Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
7. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

8. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
9. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «жылғы __________ «_____» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

10. Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.
11. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
12. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.
13. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.
Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелері 2024 жылдың 17 қаңтарында шығарылады.

2024 жылғы 16 қаңтар сағат 18.00-ге дейін СҚО, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народная көшесі, 37 150300 мекен-жайға, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылады.
Мәліметтер және қосышма ақпарат конкурс тәртібі туралы Аққайың ауданы әкімі сайтынан www.ak.sko.gov.kz және «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ сайтынан www.ozo-аk.sko.gov.kz алуға болады немесе телефон арқылы: 8 (71532) 2-14-86, 2-17-31.




              Қиялы ауылдық округі әкімінің
 06.01.2023 жылғы
      № 1 - өкіммен бекітілген

2023 жылдың I тоқсанына
Қиялы ауылдық округі бойынша
округ әкімінің азаматтарды қабылдауы
Кесте

Т.А.Ә.

Лауазымы

Апта күндері

Қабылдау уақыты

Гоц Евгений Юрьевич

округ әкімі

сейсенбі

Сағат  9-00 дан -12.00  сағатқа дейін апта сайын

             



 

2019 жылдың 6 айына жеке және заңды тұлғалардың
өкілдерінен келіп түскен өтініштер
Аналитикалық анықтама

Келіп түскен өтініштер саны – 5, оның ішінде жеке тұлғалар – 5.
Жеке тұлғалар:
оның ішінде өтініштер – 5, оның ішінде жазбаша өтініштер – 2; 1-тұрғын үй беру-жазбаша түсініктемелер берілді, 1-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша өтініш,
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 – бабы, 1-тармағы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 1 өтінішке түсініктеме, заңмен белгіленген мерзімде беріледі.
Жеке қабылдауда-3, оның ішінде 1-ТКШ, 2-басқалар.
5 Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері заңмен белгіленген мерзімде қаралып, түсіндірілді.

 


 

2019 жылдың ІІ тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың
өкілдерінен келіп түскен өтініштер
Аналитикалық анықтама

Келіп түскен өтініштер саны – 1, оның ішінде жеке тұлғалар – 1.
Жеке тұлғалар:
оның ішінде өтініштер – 1, оның ішінде жазбаша өтініштер – 0;
Жеке қабылдауда-1, оның ішінде 1-басқалар.
1 Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері заңмен белгіленген мерзімде қаралып, түсіндірілді.

 


 

2019 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың
өкілдерінен келіп түскен өтініштер
Аналитикалық анықтама

Келіп түскен өтініштер саны – 4, оның ішінде жеке тұлғалар – 4.
Жеке тұлғалар:
оның ішінде өтініштер – 4, оның ішінде жазбаша өтініштер – 2; 1-тұрғын үй беру-жазбаша түсініктемелер берілді, 1-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша өтініш,
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 – бабы, 1-тармағы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 1 өтінішке түсініктеме, заңмен белгіленген мерзімде беріледі.
Жеке қабылдауда-2, оның ішінде 1-ТКШ, 1-басқалар.
3 Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері заңмен белгіленген мерзімде қаралып, түсіндірілді.

 


Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,      бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

 

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

 

 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда

халыққа арналған жаднама

 

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратынбелгілері:

1)                сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді)күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;

2)                құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);

3)                жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

4)                тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5)                бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу)ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:

1)    Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;

2)    Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;

3)       Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

 

 

Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға

арналған жаднама

 

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:

1)               көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;

2)               бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;

3)               табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

 

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

1)    қоғамдық көлікте:

-  заттың (сөмкенің және т.б.)кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2)    үйіңіздің кіре берісінде:

- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

 

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

 

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға;

- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде  жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

 

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, еңбірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз,саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сізғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз.  Оттегін сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша  бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер  және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң  көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

 

 

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша

тұрғындарға арналған жаднама

 

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:

1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;

2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;

3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;

4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда көмегі тиеді;

6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды  анықтауға тырысыңыз;

7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.

 

 

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1)                агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2)                мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;

3)                бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;

4)                пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін  дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін  денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;

2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;

3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына  сеніңіз.

4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;

5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

 

 

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі.Мұндаойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі ережелерді ұғып алған пайдалы:

1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;

2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;

3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды  (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек.

4) егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.

5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай,  сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.

 

 

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі

тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  үйіңізде естісеңіз:

 

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз;

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты  жұмыс орныңызда естісеңіз:

1)  асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз;

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.

 

 

 

Қиялы ауылдық округі бойынша
Азаматтардың  өтініштері  бойынша статистикалық есебіне
Түсіндірме жазба
 
 
2015 жылы 9 айдың  ішінде округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 21 өтініш түсті
21 өтініш, жазба түрінде-12, жеке қабылдауында-9
Жеке тұлғалардан жазба  түрінжде-12 өтініші түсті
Жер ресурстары бойынша-8, көп балалы  ананы марапаттау бойынша-1,
Ауру бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге -3
         Олардың ішінде 7 аудандық жер комиссиясына бағытталды, 1-аудан әкімі аппаратына бағытталды, 3 –жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөліміне , 1 өтініш бойынша округ әкімі шешімі қабылданды,
         Жеке қабылдауда 9 өтініш түсті
                   1 өтініш – иттерді атып алу
                   1 электро желілерін жөндеу
                   1  шырпы дайындау
                    1 көшелерде су бұру
                   1 бөлмені жалдау
                    1 су құбырын құру
                   1 жол жөндеу
                    1 кредиттеу
                   1 жер учаскесін қосымша  ресімдеу
                  Осы өтініштері  бойынша түсінік берілді
                   Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша-12
                   12 өтініш - түсті, жазба түрінде-12
                   Олардың ішінде 12 өтініші жер және жер пайдалану бойынша,  7- аудандық жер комиссиясына бағытталды, 5 өтініш бойынша  округ әкімімен шешім қабылданды
                      Өтініштердің барлығы-33 
 
Қиялы ауылдық округінің әкімі                               Н.Стригун
Дата публикации
13 июня 2024