«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округінің Қиялы селосы көшелеріне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округі әкімінің 2012 жылғы 08 қазандағы № 10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабының
4)-тармақшысына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селосы көшелеріне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 08 қазандағы № 10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1944 тіркелген, 2012 жылғы 29 қарашада аудандық «Колос» және «Аққайың» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбында, мәтінінде және шешімнің қосымшасында «селосы», «селолық» сөздері «ауылы», «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын;
тақырыбы, мәтіні және шешімнің қосымшасы орыс тіліндегі өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қиялы округ әкіміңің м.а. Н. Капаница
2
|
«КЕЛІСІЛДІ»
|
|
«КЕЛІСІЛДІ» |