Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округінің Кучковка селосы көшесіне атау беру туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округінің Кучковка селосы көшесіне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округі әкімінің 2012 жылғы 08 қазандағы № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14 - бабының
4) - тармақшысына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Кучковка селосы көшесіне атау беру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы  08  қазандағы № 11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы  13 қарашасында  № 1945 тіркелген, 2012 жылғы  29 қарашада аудандық «Колос» және «Аққайың» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбында, мәтінінде және шешімнің қосымшасында «селосы», «селолық» сөздері «ауылы», «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын;
тақырыбы, мәтіні және шешімнің қосымшасы орыс тіліндегі өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

           Қиялы округі әкіміңің м.а.                                         Н. Капаница                          

2

 

«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңбасшысы   
___________________ О. Плищенко
2018 жылғы «23» шілде

 

«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдықмемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы
______________________Б. Омаров
2018 жылғы «23» шілде

 
Дата публикации
03 июня 2024