Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың дербес мәліметтерінде анықталған сәйкес сіздіктерге түзету жүргізу бойынша жадынама

Сізге қатысты азаматтық хал актілерінде (туу туралы, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу және т.б.) ақпараттық жүйелерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда түзетулер енгізу үшін Сіз «электрондық үкімет» порталында «Жеке кабинет» арқылы төменде көрсетілген тәртіппен өтініш бере аласыз (өздерінің акт жазбаларының өзектілігін тексеру бойынша сервис әзірленді):

Бұл үшін, бірінші кезекте ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) және «электрондық үкімет» порталында тіркелген болуыңыз керек.

Басты бетте сервистер бөлімінде «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру сервисі» сілтемесін басу қажет.

  1. Ашылған терезеде түсетін тізімнен «Акт жазбасының түрін» таңдау қажет: «Туу туралы актілік жазба», «Неке қию туралы актілік жазба», «Некені бұзу туралы актілік жазба», «Аты-жөнін өзгерту туралы актілік жазба», «Қайтыс болу туралы актілік жазба», «Әке болуды белгілеу туралы актілік жазба», «Бала асырап алу туралы актілік жазба».
  2. «Туу туралы актілік жазбаны» таңдалған жағдайда, жүйеде өтініш беруші санаты «Ата-ана» немесе «Бала» деп көрсетіледі.
  3. Егер пайдаланушы «Ата-ана» өтініш беруші санатын таңдаса, баланың «ЖСН» немесе «Аты-жөні және туған күні бойынша» іздеу әдісі пайда болады.
  4. ЖСН немесе Аты-жөнін және баланың туған күнін толтырғаннан кейін пайдаланушы «Іздеу» әрекетін таңдайды.
  5. Егер көрсетілген параметрлер бойынша «АХАЖ» АЖ-де актілік жазба болған жағдайда, келесі деректерді толтыру қажет: облыс/қала, актілік жазбаға түзету енгізетін АХАЖ бөлімі, актілік жазба нөмірі, актілік жазбаны тіркеу күні, баланың деректері (ЖСН, аты-жөні, азаматтығы, ұлты, туған күін, жынысы), баланың туған жері (Елі, облыс/қала, аудан, жергілікті пункті/қаласы), әкесінің деректері (ЖСН, аты-жөні, туған күні, ұлты, азаматтығы), анасының деректері (ЖСН, аты-жөні, туған күні, ұлты, азаматтығы), «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы туу туралы куәліктің көшірмесін қоса беру және сұрау салуға ЭЦҚ – мен қол қою.
  6. «АХАЖ» АЖ-де акт жазбасы болмаған жағдайда пайдаланушыға «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басу қажет. Мәліметтерді толтыру 5 тармақта көрсетілгенге ұқсас.
  7. Акт жазбаларының басқа түрлерін өзектендіру барысында бұл схема ұқсастығы бойынша қолданылады.
Дата публикации
04 марта 2024
Дата обновления
04 марта 2024
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы